Үйдегі жақсы көңіл-күй бала денсаулығының кепілі   Үйдегі жақсы көңіл-күй бала денсаулығының кепілі
Бір жасқа дейін - huggies.kz - icon 01

Үйдегі жақсы көңіл-күй бала денсаулығының кепілі

Балалар өте сезімтал. Отбасындағы шиеленіс, жанжал, түсінбеушілік – осының бәрі олардың денсаулығына әсер етуі мүмкін. Отбасындағы жағдай – бұл нәресте өмір сүретін энергетикалық кеңістік. Егер бұл кеңістік психологиялық тұрғыдан шиеленіске толы, салқын болса, онда балаға қиын болады. Бала не болып жатқанын түсінбейді. Бірақ бірдеңенің дұрыс емес екенін сезеді. Кейде бала өзім кінәлімін деген қорытынды жасап, бәрін түзетуге тырысады. Оның жолдары көп. Ең сирек болғанымен, ақылға салынбаған шешім – «ауруға шалдығып, көз жұму».

Ауырып қалу

Ауру құқығынан гөрі сезім құқығын жүзеге асырған қашанда жақсы. Бірақ анасы мен әкесі эмоцияларын қалай білдіру керектігін білмесе, онда балаға да мұны үйрену қиын. Бұл ғана емес, сіздің психикалық шиеленісіңіз, жарақаттайтын эмоцияларға тап болуыңыз, нақты өмірде «болмауыңыз» балаға әсер етпей қоймайды. Демек, оның ашуланып, ауыруы осыдан. Осы азатжолды оқып, баланың ауырғанына өзіңіз жауапты екеніңізді ойлағанда, қандай сезімде болдыңыз? Кінәлі сезіндіңіз бе, қорқып, өзіңізге ашуландыңыз ба? Мінеки, сондықтан бұған жол бермеу керек. Өйткені, мұндай эмоциялар балаға да зиянын тигізеді. Өзіңізді кінәлауды қойыңыз, ол нәтижесіз. Балаға ата-анасының үреймен өмір сүргені өте қауіпті. Отбасылық және жеке мәселелерді шешу қажет. Әрине, бұл процесс ұзаққа созылуы мүмкін, сондықтан сіз шиеленісті жағдайға қарай азайтуды үйренуіңіз керек.

Сабыр, тек сабыр!

Бала бар жерде ұрыспау керек, баламен қарым-қатынас жасар алдында өз-өзіңізге келіп, үрей мен қорқыныштан аулақ болу керек деген ережені ұстаныңыз:

  • Тыныс алуды қалпына келтіру (дем алу – 5 секунд, дем шығару – 5 секунд) эмоцияны теңестіруге мүмкіндік береді. Содан кейін саусағыңызды кеуде аймағының ортасына қойып: «Мен осындамын!» деп айтыңыз, бұл «жерге қонуға», қайтадан сол уақытта және балаңыз бар жерде болуға көмектеседі.

  • Сізге эмоцияларға арналған «қоқыс шелегі» қажет болады. Бұл айқай дорбасы немесе ренжу жәшігі болуы мүмкін. Ашуланғаныңызды соларға айтыңыз. Мұндай қарапайым ойын шиеленісті жеңілдететінін байқайсыз.

  • Душ қабылдаңыз немесе беті-қолыңызды жуыңыз. Денеге арналған кез келген су процедуралары жанды тазартады.

Осы қарапайым әдістерден кейін баламен сөйлесе аласыз. Егер нәресте жанжалдың куәсі болса немесе отбасындағы жағдайға алаңдаса, оған адамдар кейде ұрысатындығын, бірақ бұл олардың ажырасқысы келетінін білдірмейтінін айтыңыз. Тіпті, ересектер де әрдайым ренжіген нәрсесін білдіретін сөздерді дұрыс айта алмайды. Растаңызшы: оның кінәсі жоқ қой.

Үйдегі көңіл-күйдің өзегеруі

Ұстамды ашу, шиеленіс, ауыр күйініш – үй кеңістігінде жиналады. Балалар бұған ауыру мен жаман мінез-құлық арқылы жауап береді. Үйіңізді тазалау керек. Сондай-ақ оған жарқын, шығармашылық, мейірімді нәрселер қоюыңыз керек.

  • Балаңызбен толық тазалау жұмыстарын жүргізіңіз. Физикалық әсер энергетикаға әсер етеді. Зерігерлік іс-әрекетті көңілді уақыт өткізуге айналдыра отырып, баланың көмектесуіне мүмкіндік беріңіз.

  • Жаңа құмыра немесе перде сатып алу, сурет салу, хош иісті шам жағу сияқты үйге қажет нәрселерді баламен бірге ойластырыңыз... Кілемдегі шаң-тозаңды қаққандай, қабырға мен дивандарды тарсылдатып, оған толып қалған ашу мен ренішті шығарыңыз.

  • Үйге тазалық пен жарық тілеңіз, бүкіл кеңістіктің жақсылық пен қуанышқа толып тұрғанын елестетіп көріңіз. Бұл дәстүрге айналсын!

Бірақ анасы немесе әкесі үйлесімді өмір сүрмесе, осының бәрі жасанды болса, бала үшін бұдан өткен талқандаушы нәрсе жоқ. Мұндай кезде «Мен қазір қатты ренжіп, ашуланып тұрмын. Кешір, жалғыз қалдыршы!» деп айтқан дұрыс. Жиналған жағымсыз әсеріңіздің бәрін балаға айтуға болмайды, бірақ жаныңыздың ауырып тұрғанын мойындауға болады.

«Аяқкиімдегі тас» әдісі

Бұл ойын қауіпті мөлшерге жеткенге дейінгі шиеленістен арылуға мүмкіндік береді. Кроссовкаға түскен тас бізге кедергі келтіреді. Егер оны алып тастамасаңыз, жара пайда болады. Оған тиіп кеткен кез келген адам сөз естиді. Мұндайға жол бермес үшін бір-біріңізге «Аяқкиіміме тас түсіп кетті, жалғыз қалуым керек» (құшақташы, жылытшы) деп айту керек. Осылайша өз сезіміңізді, қажеттіліктеріңізді түсінуге, көмек сұрауға үйренесіз. Үйдегі көңіл-күй жақсара түседі.

EmptyView