FMtest1

сынақтан  өту

1
2
3
4
5
FMtest1q1
Тәрбие әдістемесін / тәрбиелеу стилін таңдаңыз? (кітап бойынша)
Монтессори жүйесі бойынша тәрбие беру әдісін ұстанамын. Бұл балаға таңдау еркіндігін беруден және дұрыс қызығушылықты дамытудан тұрады. Өте заманауи.
Мен баламен табиғатта көбірек уақыт өткізуге тырысамын. Өйткені табиғатта көк шөп бар, таза ауа. «Экологиялық таза ана» («Экологичное материнство») кітабы мені қауіпсіз тәрбие идеясымен баурап алды.
Маникюр кезінде мен Петрановскаяның «Егер баламен қиын болса» («Если с ребенком трудно») деген аудиокітабын тыңдаймын. Онда тіпті, суперкейіпкерлердің де қысқа демалу минуттары болуы керек делінген, бұл менің жаныма жақын.
Кітаптар мен әдістер ме? Не үшін? Баланың дамуы және оның айналасындағы әлем туралы білімі ана арқылы іске асуы керек. Өйткені ана балаға жарық әлем сыйлайды, оған барлық құнды білімді де ана береді.
Мен интуитивті тәрбиені қолдаймын: бала өзіне ненің және қалай дұрыс екенін сезеді. Менің рөлім – тек бағыттау. Ол аздап өскен соң оған кітап оқып беремін. Содан кейін оны бірге талқылаймыз.
FMtest1q2
Сіз үшін ең қолайлы бала күтімі – бұл
Жеке педиатр, жеке стилист, жеке шаштараз. Барлығын мамандар істеуі керек. Әдемі және дені сау бала – мені бақытты етеді.
Менің баламда қажетті нәрсенің бәрі бар – күтім жасау құралдары, сапалы қоспалар. Мен үйде болмаған кезде бала күтушісі мен сияқты балаға қамқорлық жасайды.
Бала өте тез өседі және оның денсаулығының негізгі факторы еш қоспасыз үй тағамы, ата-аналар мен әжелердің махаббаты болмақ.
Климаттың өзгеруіне әсер етпейтін экологиялық таза құралдарды пайдалану. Көп серуендеу, эко және ішкі туризм. Бала шынығып, сауығады.
Биохакинг, аралық ашығу, су теңгерімі + йога – менің сабырлы болуымның және әл-ауқатымның негізі. Балаға мұның бәрі болмайды дегенді кім айтты? Болашақта.
FMtest1q3
Сіз ана болуға қалай дайындалдыңыз? Өзіңізге ең жақын нұсқаны таңдаңыз.
Сүйікті күйеуім, үйлену тойы, жүктілік. Жанымда жақындарым болды, олар кеңес беріп, бағыттап отырды.
Жүктілік қарсаңында барлық материалдар мен жиһаздарды қауіпсіз ету үшін үйге жөндеу жұмыстарын жүргіздім.
Балалар бөлмесіне арналған декор, ең сәнді емізік пен тасымалдаушыны сатып алуға 9 ай уақытым болды.
Жүктілік басталған кезде өмірімде көп нәрсе өзгере қойған жоқ, сол жұмыс, сапар, бәрі әдеттегідей.
Мен ұзақ уақыт жоспарладым, жауапкершілікпен дайындалдым, дәрумендер іштім, тәрбие берудің заманауи әдістері туралы оқыдым.
FMtest1q4
Балаға киім таңдау мен сатып алуға қалай қарайсыз?
Киім таңдағанда мен табиғи материалға және құрамында синтетиканың болмауына көңіл бөлемін.
Барлық сәнді трендтерді ұстануға тырысамын, кез келген жағдайда бала сәнді болып көрінеді.
Ең бастысы, балалар киім дүкенінде ыңғайлы сайт және икемді жеткізу шарттары болуы керек.
Киім таңдауға көп мән бермеймін, балалар тез өседі. Туыстар мен құрбыларым жиі береді немесе сыйлайды.
Киімде көптеген сәндік элементтердің болмауына көңіл бөлемін: бантиктер, стразалар, түймелер, сыдырма ілгектер.
FMtest1q5
Жөргекті таңдағанда сіз ең басты неге көңіл аударасыз?
Бүлдіршін үшін жұмсақтық пен жайлылық.
Табиғи құрамы
Қаптама көлемінің үлкендігі.
Әдемі дизайн.
Ықшамдылық, сіңу жылдамдығы.