Жөргекті үйден тыс жерде ауыстырыңыз Жөргекті үйден тыс жерде ауыстырыңыз

Жөргекті үйден тыс жерде ауыстырыңыз

Кейде балалар серуен, сауда орталығы, кафе сияқты қоғамдық жерлерде ата-аналарына тосынсый жасап жатады. Үйге әлі алыс ... Сонда «адамдардың назарын аудартпай, сәбидің жөргегін қалай ауыстыруға болады?» деген сұрақ туындайды.

Ең бастысы, бір реттік жаялық, екі қосымша жөргек, сәбидің жеке гигиенасына арналған бір қаптама ылғал сулық және пайдаланылған жөргекті қоқысқа тастауға арналған қалташа немесе сөмке сияқты қажет нәрсенің бәрі болуы керек.

Арнайы сөмке сатып алыңыз

Балалар дүкенінде пайдаланылған жөргектерге арналған, иіс пен ылғалдың сыртқа шығуына жол бермейтін сөмкелер сатылады. Бұл аксессуарға қосымша бір рет қолданылатын мөлдір қалташалардың орамын алыңыз, олар жөргектерді орап алу, сөмкені ластамау үшін қажет болады.

Су өткізбейтін жаялық сатып алыңыз

Мұндай жаялықты бөлек немесе пайдаланылған жөргектерге арналған сөмкемен бір жиынтықта сатып алуға болады. Жөргекті ауыстырар алдында оны төсеңіз, сонда нәресте жатқан беткі қабатты ластап қана қоймайсыз, оны сыртқы беткі қабаттармен жанасудан да қорғайсыз.

Қолайлы орын табыңыз

Дәретхана бөлмесінің жанында баланы жаялыққа орау аймағын көрмесеңіз, оны өтіп бара жатқан адамдардан сұраудан тартынбаңыз. Біршама ыңғайсыз, бірақ жөргекті ауыстыруға қолайлы орындар арба және автокөліктің артқы орындығы болуы мүмкін.

EmptyView