Су ойындарының балаға пайдасы туралы 4 жәйт Су ойындарының балаға пайдасы туралы 4 жәйт

Су ойындарының балаға пайдасы туралы 4 жәйт

Су – бұл нәресте үшін әдеттегі стихия: сіз жүкті болған кезде ол су ортасында өмір сүрді. Су ойындары оның дамуы үшін неге маңызды екенін әңгімелейміз.

Организм жүйелерінің жұмысын жақсартады

Судағы белсенділік баланың терісі мен бұлшықеттеріне жасалған табиғи массаж деуге болады. Бұл жүйке, тыныс алу, тірек-қимыл жүйесінің жұмысына оң әсер етеді. Жүрек-қантамыр аппараты үшін де пайдасы бар: су ойындарының арқасында қанмен қамтамасыз ету жақсарады.

Бұлшықетті нығайту

Ерте жүзу жаттығулары физикалық дамудағы үлкен артықшылық болып табылады. Бала жүзгенде, организмнің барлық бұлшықеттері жұмыс істейді. Бұл ретте омыртқаға жүктеме түспейді. Демек, жарақат алу ықтималдығы нөлге тең.

Дене босаңсиды

Су жайландырады. Баланың организмі босаңсыған кезде зат алмасу процестері жақсы жүреді. Баланың іш шаншу және іш қатуға қатысты қиындықтары болмайды.

Қорқыныш туралы ескерту

Саналы жасқа келген, жүзе алмайтын балалар судан қорқады. Жүзуді ерте жаста үйрену судан қорқудың алдын алып қана қоймайды, бұл баланың суда өзін-өзі ұстауына және су қоймасына түсіп кеткен жағдайда көмекке шақыруына кепілдік бола алады.

EmptyView