Жүктілікке дайындық: басынан аяғына дейін Жүктілікке дайындық: басынан аяғына дейін

Жүктілікке дайындық: басынан аяғына дейін

Жүктілікті жоспарлау – бұл нәресте қалаймын деген шешіміңіз және болашақ ата-ананың денсаулығына диагностика жасау және түзету бойынша іс-шаралар жиынтығы. Дайындықты жоспарлаған жүктіліктен кем дегенде, 3 ай бұрын бастау керек, келесі іс-әрекеттер үшін осыншама уақыт керек:

  • тамақтануды түзету

  • өмір салтын түзету

  • медициналық тексерулерден өту

  • созылмалы аурулардың алдын алу және емдеу

Егер қандай да бір аурулар, мысалы, жыныстық инфекциялар анықталса, бұл мерзімге емделу уақытын қосыңыз. Зиянды әдеттер-ден бас тартуға (алкоголь, никотин және басқа да улы заттарды тұты-ну) баса назар аудару қажет етеді. Мұндай жағдайда тазалану үшін біраз уақыт қажет. Бала көтеруге дайындық осылай өтетін кезде жүктіліктің жағымды болу және сау баланың дүниеге келу ықтимал-дығы жоғары болады.

Егер жүктілікті жоспарлау туралы жауапты шешім қабылдаған бол-саңыз, оған дайындалудың 16 тармағын дайындадық. Кейбіреулер үшін бұл нағыз сынақ болуы мүмкін, сондықтан аздан бастаңыз да, кішкентай қадамдармен адымдаңыз.

Жүктілікке дайындықтың 16 маңызды тармағы:

  • Уақытты анықтаңыз. Овуляциядан бірнеше күн бұрынғы және одан кейінгі бір-екі күн жыныстық қатынас кезінде ұрықтандыру орын алуы үшін ең маңызды екенін есте сақтаған жөн. Егер овуляция мерзіміне сенімді болмасаңыз, циклді зерттеу үшін овуляция жиынтығын қолданыңыз немесе бұл жайында оқыңыз. Қыз немесе ұл болуы шәует жасушасының ұрықтандыруы жыныстық қатынастың қай кезеңінде орын алатынына байланысты.

  • Темекі шекпеңіз. Темекі шегу адамның шәует жасуша-сының мөлшерін азайтуға әсер етеді деген болжам бар; шәует жасу-шасы сапасының бұзылуына әкелуі мүмкін (саны немесе қозғалғы-штығы), сонымен қатар бедеуліктің себебі болуы мүмкін. Темекі ше-гу әйелге бала біту әрекетіне әсер ететінін дәлелдейтін зерттеу бар, мысалы, ұрықтану сәтті болса, туылған кезде бала салмағының төмен болу қаупі бар. Темекі шегу организмдегі С дәруменінің деңгейін төмендетеді, бұл көру қабілетінің нашарлауына және жасушаларымы-здың «қартаюына» әкелуі мүмкін.

  • Алкоголь ішпеңіз. Дүниежүзіндегі Денсаулық сақтау ұйымдарының көпшілігі алкоголь баланың дамуына әсер етпеуі үшін жүкті болуды жоспарлау кезінде алкогольді ішуден толықтай бас тар-туды ұсынады. Алкоголь ішетін ер адамдардың шәует жасушасының сапасы төмендейді, бұл ұрықтандыру кезінде қиындық тудыра-ды.

  • Кофеин мөлшерін азайтыңыз (күніне бір шыныаяққа дейін). Жүкті немесе жүкті болуды жоспарлап жүрген әйелдерге күніне 200 миллиграмм кофеиннен артық ішуге болмайды. Бұл ша-мамен 1 шыныаяқ кофе.

  • Химиялық (оның ішінде, үй жағдайында қолданыла-тын) заттардың әсеріне жол бермеңіз. Темекі түтіні, алко-голь, жасанды тәттілеуіштер және рекреациялық наша сияқты улы заттардың әсерін шектеуге тырысыңыз. Еріткіштер, пестицидтер және көптеген тұрмыстық өнімдер сияқты химиялық заттардан да аулақ болу керек.

    Пестицидтердің қаупі мөлшеріне байланысты: әсері неғұрлым көп болса, реакция болу мүмкіндігі соғұрлым жоғары болады. Тамағы-мыздағы пестицид қалдықтарының денсаулыққа әсері әлі құжат жүзінде расталмаған. Қаржылық тұрғыдан қашанда мүмкін болмаса да, органикалық өнімдерге ауысқан дұрыс.

    «Органикалық сертификатталған өнімдер» деген таңбалау тағамның синтетикалық химиялық заттар, сәулелену немесе фумиганттар пай-даланбай өсірілгеніне, жиналғанына, сақталғанына және тасымал-данғанына кепілдік береді. Фермерлік базарлардан алынған балғын өнімдер де жақсы таңдау, сондай-ақ жаңа піскен жемістер мен көкөністерді тамақ пісірер алдында мұқият жуыңыз.

  • Дәрілік препараттардың жанама әсерлерін тексеріңіз. Егер дәрі қабылдайтын болсаңыз, дәрігеріңізбен кеңесіңіз. Дәрі қобдишаңызда ұрықтану мен жүктілікке әсер ететін дәрі-дәрмектің бар-жоқтығын тексеріңіз. Ер адамдар үшін бұл қыжылға қарсы әсер ететін Циметидин және ревматоидты артритке қарсы Сульфасалазин болуы мүмкін. Әйелдер антибиотиктер мен ауырсынуды басатын дәрілерді қайта тексеріп қарап, дәрігердің бақы-лауымен тиісті дәрі-дәрмектерге көшуі керек.

  • Дұрыс дене салмағын ұстау. Жүкті болғысы келетін әйелдер үшін дене салмағының дұрыс болуы зерттеулер арқылы рас-талады. Еркек пен әйел өндіретін жыныстық гормондар салмақпен тығыз байланысты. Жалпы дене салмағының 10-нан 14%-ына дейінгі артық салмақ жүкті болу мүмкіндігін төмендетуі мүмкін. Әйелдер-дегі семіздік бала біту мен жүктілік кезінде жоғары қауіп әкелетін қиындықтардың бірі болып табылады; мысалы, артық салмағы бар әйелдерде түсік түсіру жиі кездеседі. Салмағы аз әйелдерде мерзімінен бұрын босану және анемия қаупі жоғары.

  • Ер адамдар ыстық ванналар мен сауналардан аулақ бо-луы керек. Ұрық, әдетте, ер адам денесінің қалған бөліктеріне қарағанда 2 °C салқын болады. Шәует жасушасы 34-35 °C температурада жақсы жұмыс істейді. Ер адамдар сауналар мен ванна-лардан аулақ болып, «боксер» ішкиімін кигендері дұрыс. Зерттеулер көрсеткендей, тар ішкиім киетіндермен салыстырғанда, «боксер» ки-етіндердің арасында шәует жасушасының концентрациясы 25%-ға жоғары болады екен.

  • Стресті азайту. Тіпті, кішкентай стрестің өзі ер адамдардағы тестостеронды өндіруге және шәует жасушасының мөлшеріне әсер етуі мүмкін. Стресс деңгейі төмен немесе стресті жеңе алатын адам-дарда ұрықтандыру пайызы жоғары екендігі дәлелденді. Сонымен қатар, бұл ұрықтың дамуына да оң әсер етеді.

  • Тұрақты дене жаттығулары. Тұрақты реттеуші жат-тығулар кез келген салауатты өмір салтында маңызды. Серуенге шығу немесе кез келген спорт түрімен айналысу жалпы денсаулыққа, көңіл-күйге өз үлесін қосады, бала біту мүмкіндігін арттырады, аз қимылдау салдарынан пайда болған аурулардың қаупін төмендетеді. Алайда шамадан тыс жүктеме әйелдерге қарсы көрсетілген, өйткені бұл гормоналды теңгерімсіздікке және овуляцияны бұзуға әкелуі мүмкін. Сонымен қатар, ұрықтану жағдайында шамадан тыс дене жүктемесі ұрық пен оның жолдасының дамуын нашарлатуы мүмкін, сонымен қатар ұрықтың қызып кетуіне әкелуі мүмкін. Мәселен, апта-сына бір рет 16 км қашықтыққа жүгіру артық болып саналады. Қандай дене белсенділігімен айналыссаңыз да, денеңіздің қызып кетпеуіне көз жеткізіңіз, өйткені бұл ұрықтың дамуына кедергі келтіруі мүмкін.

  • Тамақтану диетасын ұстаныңыз. Зерттеулер ақуыз бен күрделі көмірсулардың, пайдалы майлары бар тағамдардың, жемістер мен көкөністердің жеткілікті деңгейі қамтамасыз етілген та-мақтану диетасы денсаулық пен ұрықтануға жақсы қоректік негіз бе-ретінін көрсетті. Жүктілікке дайындалуға арналған жақсы диетада С дәрумені, мырыш, фолий қышқылының жоғары деңгейі болуы керек (әйелдер үшін); мысалы, қарақат, орамжапырақ және тәтті бұрыш құрамында С дәрумені көп; жаңғақтар мен шекілдеуік құрамында мырыш көп; ал бүтін дәнді дақылдар фолий қышқылының қайнар көзі болып табылады (В9 дәрумені міндетті түрде ұсынылады).

    Қатаң диеталар әйелдердің гормоналды деңгейіне теріс әсер ететінін (мысалы, прогестерон деңгейі) көрсетті, ерлі-зайыптылардың ұрықта-ну мүмкіндігіне де тиісінше әсер етеді, сондықтан қатаң диеталардан аулақ болыңыз.

    Ерлер де, әйелдер де қантты шамадан тыс тұтынбауы керек, өйткені бұл гормондардың деңгейіне әсер етуі мүмкін.

  • Көп су ішіңіз (күніне 8-10 стақан). Организміміздегі әрбір жасушада су бар. Су – организмдегі барлық өмірлік процестерді іске қосатын сұйықтық. Көптеген химиялық реакциялар сұйықтықтың арқасында жүреді, су минерал, дәрумендер, амин қышқылдары, глюкозаны еріткіш және әртүрлі молекулалардың үлкен спектрі ретінде әсер етеді; сонымен қатар ол дене температура-сы мен қан мөлшерін реттеуге көмектесетін майлау мен буындар амортизациясын өндіруде маңызды.

    Суды күні бойы ішіңіз. Егер зәріңіз ашық түсті, иісі қатты және зәр шығындысы аз мөлшерде болса, сондай-ақ жиі болмаса, сізде су-сыздану болуы мүмкін. Сұйықтықты қолдану ыстық ауа-райында, дене жаттығуы және жүктілік кезінде маңызды фактор болып табы-лады.

  • Күніне 400 мкг фолий қышқылын қабылдауды ба-стаңыз. Зерттеулер көрсеткендей, фолий қышқылын бірінші триместрде жүктілікке дейін қосымша қабылдау жүйке түтігінің ақауы қаупін айтарлықтай төмендетеді. Дұрыс мөлшерін белгілеу үшін дәрігермен кеңесіңіз.

  • Тағамдық қоспаларды дәрігермен талқылаңыз. Со-зылмалы аурулары бар, түсік тастаған, мазасыз және т.б. күйдегі жоғары қауіптілік санатындағы әйелдер тағамдық қоспаларға қа- ты-сты өзінің емдеуші дәрігерімен кеңесулері керек; кейбір ер адамдар үшін де бұл маңызды болуы мүмкін.

    Жоғарыда айтылғандай, B9 дәруменін қабылдауды бастау аса ма-

    ңызды, сонымен қатар құрамында темір бар мультидәрумендер мен минералдарды қабылдауды қайта қарау керек. Сондай-ақ, қоспалар жақсы тамақтануды алмастыра алмайтынын ұмытпаңыз. Бұл тағам-дық қоспалардың артықшылығы тамақтану кезінде бірнеше есе жақсы.

    Маңызды: Жүкті болғысы келетін әйелдер А және Д дәрумендерінің көп мөлшерін қабылдамауы керек, өйткені олар организм үшін улы болуы мүмкін.

  • Үй жануарларын, әсіресе, мысықтарды токсоплазмозға тексеріңіз.

  • Толық тексеруден өтіңіз. Жүктілікке дейінгі тағы бір ма-ңызды қадам денсаулығыңызды тексеру: қызамыққа қарсы имму-нитет тесті, диабет, қан қысымы және толық қан талдауы (темір деңгейінің қалыпты екеніне көз жеткізіңіз). Сондай-ақ тіс дәрігерінің тексеруінен өту керек, кез келген емді жүктілікке дейін алған жақсы. Анестезияның кейбір түрлері енді дамып келе жатқан ұрық үшін улы болуы мүмкін.

МАҢЫЗДЫ:

Қазіргі жағдай мен КОВИД-19 пандемиясы жағдайында мемлекет ұсынған сақтық шараларын сақтай отырып, адамдар көп жиналатын жерлерден аулақ болу керек. Есіңізде болсын, вирустық инфекциялар жүктіліктің мерзімінен бұрын тоқтатылуына ғана емес, сонымен қатар ұрықтың жатыр ішінде дамуының бұзылуына әкелуі мүмкін.

EmptyView