Жүктіліктің 31-ші аптасындағы талдамалар Жүктіліктің 31-ші аптасындағы талдамалар

Жүктіліктің 31-ші аптасындағы талдамалар

Жүкті әйел гинекологқа әр 2–3 апта сайын барып тұруы тиіс. Дәрігерге барар алдында әркез жалпы несеп талдамасын тапсырып отыру қажет. Гинеколог соның нәтижесі бойынша әйел бүйрегінің жұмысын бағалайды. Қабылдау кезінде дәрігер (немесе медбике) жүкті әйелдің салмағын, жатырдың орналасу биіктігін, іштің көлемін, артериялық қанқысымын өлшейді.

Жүктіліктің 31-ші аптасындағы УДЗ

Зерттеу кезінде монитор экранынан сәбиіңізді көре аласыз. Дәрігер баланың жынысын айтады (ол ыңғайлы жатқан болса), оның ішкі ағзаларын қарап шығады, сәбидің дене мүшелерінің өлшемін жүктіліктің осы кезеңіндегі стандартты өлшемімен салыстырады, қағанақ суының сапасын, жатырдың параметрлерін және ондағы ұрықтың қалай орналасқанын зерттейді, жүрекқағысын тыңдайды, сондай-ақ болжалды босану күнін анықтайды. УДЗ жүктіліктің соңғы триместрінің қалай өтіп жатқанын түсінуге көмектеседі.

Жүктіліктің 31-ші аптасындағы бөлінділер

31-ші аптада әйел ағзасы әлсірейді. Салқындап қалғаннан кейін немесе қатты уайымдағаннан бөлінділер пайда болуы мүмкін. Осы туралы гинекологыңызға айтыңыз. Егер сізді сұр-жасыл түсті бөлінділер мазаласа немесе оған қан араласып келсе, белгіленген дәрігерлік кеңес күнін күтпей, ауруханаға баруға асығыңыз.

Арқа мен іштің ауруы

Жүктіліктің сегізінші айында әйелдің арқасы жиі ауырып, іші сәл тарта бастайды. Іштің ауырлығынан жүкті әйелдің омыртқасы алға қарай иіліп, дене мүсіні өзгереді, белі ауыра бастайды. Осы сезімдер кешке қарай күні бойы жиналып қалған шаршаудың салдарынан күшейеді, алайда, ол қауіпті емес. Жүкті әйелдің шаты мен сегізкөз тұсы сәл ауырсынуы мүмкін. Бұл босану жолдарының жұмсаруына және жамбас сүйектерінің ажырауына байланысты. Осылайша, әйел ағзасы алдағы босануға дайындалады.

EmptyView