Джем қосылған маринадталған қиярға әуессіз бе? Рақаттанудан бас тартпаңыз Джем қосылған маринадталған қиярға әуессіз бе? Рақаттанудан бас тартпаңыз
Жүктілік және босану - huggies.kz - icon 01

Джем қосылған маринадталған қиярға әуессіз бе? Рақаттанудан бас тартпаңыз

Тағамның белгілі бір түрін (кейде өте оғаш) жегісі келетін жағдайлар, әдетте, организмге бірдеңенің жетіспейтінін білдіреді.

Көптеген болашақ аналар бұл жағдайды жақсы біледі: түн ортасында кенеттен балмұздақ, тұздалған қияр, торт, торта балық, чипс, пицца немесе саз сияқты ерекше бір нәрсе жегісі келеді. Мұндай қалау ұста-малары кенеттен пайда болады және оны бақылау мүмкін емес. Бұл еңсерілмейтін ұстамалар нені білдіреді?

  • Тұзды нәрсе жеуге деген құмарлық – сізде сұйықтық жетіспейді.

    Таңғаларлығы, бірақ чипстер, қызанақ шырыны, пицца және т.б. ар-мандасаңыз, бұл сіздің сусызданғаныңызды білдіруі мүмкін.

  • Біртүрлі нәрсе жегім келіп тұр – сізге темір жетіспейді.

    Жүктілік кезінде темірге деген қажеттілік күрт артады, әсіресе екінші және үшінші триместрде. Темірдің жетіспеушілігі сізді үнемі шар-шағандай сезінуге мәжбүр етеді.

  • Тәтті нәрсе жегім келеді – сіз тұрақты түрде тамақтанбайсыз.

    Жүктілік кезінде тәбеттің артатыны жасырын емес. Егер жиі және аз-дан тамақтанатын болсаңыз, қашанда тоқ жүресіз және ашкөздік ұстамалары сізге қауіп төндірмейді. Егер тамақтануға байланысты әдеттеріңізді өзгертпесеңіз, бір тамақтан келесі тамаққа дейін ештеңе жемесеңіз, кешке көп тамақтанып қойсаңыз, өйткені күні бойы бірдеңемен жүрек жалғап жүрсеңіз, балмұздақ, пирожный, печенье, торт сияқты организмге бірден күш-қуат беретін көмірсуларды қалап тұрасыз.

EmptyView