Әртүрлі өнімдер мен иістерге деген сезімталдық Әртүрлі өнімдер мен иістерге деген сезімталдық

Әртүрлі өнімдер мен иістерге деген сезімталдық

Егер әйел бұрын кофесіз өмір сүре алмаймын деп шағымданып, ал қазір кофенің иісінен құсқым келеді десе, бұрын жарты сағат сайын темекі шегуге шығып, ал қазір темекі шегетін жерден жылдам өтіп кетуге тырысса, бірінші кезекте, оған «Қымбаттым, осы сен көтеріп қалған жоқсың ба?» деген сұрақ қою керек. Дәрігерлер иіс пен дәмді қабылдаудың күрт өзгеруін қалай түсіндіреді? Болашақ ана-лардың экзотикалық аспаздық талғамдары және талғамдарының күрт өзгеруі бұрыннан байқалады. Түнде ұйықтайтын киім киіп алып, жүкті әйеліне шабдалы немесе тұздалған қияр іздеп жүгіріп жүгіретін күйеуі туралы анекдоттарды кім естімеді дейсіз... Осы кезеңде тұздалған қиярға әуес жан шектен шыққан тәтті құмарға, ал шоколад, балмұздақ пен тосапқа әуес жан кенеттен тұзды және ащы тағамға құмар жанға айналуы мүмкін. Жүкті әйелдің талғамы мен қалауы өз-геретіні белгілі. Табиғат жүкті ананы «жүкті әйелдің тамақ түйсігімен» жабдықтаған. Қазіргі заман диетологиясы, медицина және биология жүкті әйелдің дұрыс тамақтануы туралы толық ақпаратты қамтымаған. Тек негізгі қағида белгілі: тамақтану әртүрлі, мүмкіндігінше пайдалы және өңделген және жасанды өнімдердің аз мөлшерін қамтуы керек. Жүктіліктің бірінші триместрінде орга-низмді белсенді қайта құру және оның жаңа жағдайға бейімделуі байқалады. Енді бала өзінің қажеттіліктерін анасы арқылы айтып, өзіне пайдалы микроэлементтер, дәрумендер мен қоректік заттарды талап етеді. Мұнымен ана да, оның отбасы да санасуы керек, құмартқан өнімдерімен қамтамасыз етуге тырысуы керек. Алайда, мұндай жағдайда ақылға қонымды тәсіл таңдаған орынды. Өз қалауыңызға құлақ түрген өте маңызды, бірақ қалауыңызды жет-кілікті мөлшерде қанағаттандырыңыз. Сонымен, жүкті әйелдердің осындай оғаштау құмарлықтарының астарында не жатса да, оған құлақ түру керек, кейде біздің «еркелігіміз» қандай тапшылықты меңзеп тұрғанын ойлану керек. Ғалымдар дәмдік талғамдардың бел-гілі бір жағдайларын түсіндірудің мүмкін еместігін мойындайды. Және кез келген жағдайда өзіңіз қаламасаңыз, өзіңізге «пайдалы» де-ген өнімдерді жеймін деп күштемеңіз. Вегетативті жүйке жүйесі – ішкі органдардың жұмысына жауап беретін жүйке жүйесінің бір бөлігі.

EmptyView