Тіс жарып келеді Тіс жарып келеді

Тіс жарып келеді

Балалардың алғашқы тістері – ата-ананың жүйке жүйесі үшін әжептәуір сынақ. Әдетте, тістер 4 – 6 ай аралығындағы кезеңде пайда болады. Бірақ, кейбір балаларда тіс жару белгілері ерте пайда болуы да мүмкін.

Тістің жарып шығу белгілері

Өкінішке орай, тіс жарудың симптомсыз өтпейтін жағдайлары өте сирек. Көп жағдайда, сәбилер жылау арқылы айналасындағылардың бәріне мазасы қашқанын білдіреді.

Тіс шығып келе жатқанының айқын белгілеріне мыналарды жатқызуға болады:

  • Еркелік, азасыздық, нашар ұйқы. Егер күндіз сәбидің көңілін проблемадан қалай болса да басқаға аудару мүмкін болса, түнде жағымсыз белгілер толық сезіледі.

  • Қарын ашқанға немесе ауру сезіміне қатысы жоқ кенеттен қатты жылау.

  • Тамақтан бас тарту, асқорытудың бұзылуы. Мазаң қашып тұрғанда, тамақ та батпайды.

  • Сілекейдің көп бөлінуі. Осы кезеңде аналар «сілекейдің көлдей» болып кеткенін айтады. Алжапқыш, беторамал немесе сулықты қолданыңыз.

  • Тітіркену, ауыз, иек пен мойын тұсында бөртпенің пайда болуы. Терінің мұндай реакциясы үнемі аға беретін сілекейден болуы мүмкін.

  • Қолдың саусақтарын аузына салуы. Балалар жайсыздықты басуға тырысып, қолына тиген заттың бәрін ауызына салады. Сондай-ақ бала тіс жарып келе жатқан жағындағы құлағын немесе бетін уқалай беруі мүмкін.

  • Тұмау және суық тию. Осы уақытта әлсіреген иммунитеттің салдарынан болуы мүмкін.

  • Температураның көтерілуі.

  • Қабынған, ісінген қызыл иек. Абайлап балаңыздың аузын қарап көріңіз. Қызыл иегі қызарып немесе көгеріп тұруы мүмкін, кейде тістері де байқала бастайды.

Тісі шыға бастаған балаға қалай көмектесуге болады?

Сәбидің қиналғанын жеңілдетіп, оны жұбатуға көмектесетін нәрселер:

Силиконды тістеуіштер немесе тіске арналған ойыншықтар. Ішіне гель немесе су толтырылған ойыншықтар арнайы қызыл иектің қышығанын басу үшін ойлап табылған. Осындай тіс уқалауыштарды тоңазытқышта салқындатып алған жөн (бірақ мұздатқышқа салуға болмайды).

Қызыл иекке арналған ауыруды басатын гельдер дәріханаларда сатылады. Олардың көмегімен сәбидің қызыл иегін салқындатып, бірнеше уақытқа ауырғанын басуға болады. Нұсқаулықты қарап шығуды ұмытпаңыз, кейбір препараттарды 3 жасқа дейінгі балаларға беруге болмайды. Мұндай гельдер аллергиялық реакция беруі мүмкін.

Жоғары температура кезінде қызуды басатын құралдарды пайдаланған жөн. Егер температура 38,5°С дейін көтерілсе, оны басу қажет.

Емшектегі баланы емізсе, ол тынышталады. Кейбір балалар тіс жарған кезде тек анасының қолында ұйықтауы мүмкін.

Қосымша тамақ ішіп жүрген балаға салқын жеміс немесе көкөніс езбесін беруге болады.

Тіс жарған кезде нені жасауға болмайды?

Бала қақалып қалмас үшін сәбіз, алма, кептірілген нан немесе кепкен тоқаш сияқты қатты тағамдарды беруге болмайды. Сәби тіпті қызыл иегімен де бір тілім тістеп алуы мүмкін.

Бастысы – сабырлы болыңыз. Есіңізде болсын, кішкентайдың тісі пайда болғанда, ол сәл тынышталады.

EmptyView