Екпе егу кестесі Екпе егу кестесі

Екпе егу кестесі

Екпе салдыру алдында дәрігерге вакцина туралы сұрақтар қоюдан қысылмаңыз. Сіздің балаңызға егілетін екпе туралы, оның пайдасы мен сәбидің екпеге ықтималды реакциясы туралы барлығын білуге толық құқығыңыз бар.

Екпе егу кестесі Екпе егу кестесі

Екпе егу ережелері

Екпе екпей тұрып, дәрігер (учаскелік педиатр мен невропатолог) баланы қарап шығуы тиіс. Екпелердің барлығы тек дені сау балаларға салынады.

Егер сәби жуырда ауырса, онда екпе егу ең кемінде 2 аптаға немесе аурудың күрделілігіне байланысты тіпті бір айға кейінге қалдырылуы тиіс.

Тіс жарып жатқанда, бөртпе шығып кетсе, ішпен проблема кезінде екпе егуге болмайды.

Вакциналау алдында барлық көрсеткіштердің қалыпты екеніне көз жеткізу үшін жалпы клиникалық қан және несеп талдамасын жасаған дұрыс.

Вакциналауға қарсы көрсетімдер

Екпе жасау үшін бірсыпыра қарсы көрсетімдер бар:

  • Туған кездегі салмағы 2 кг-нан аз болған шала туған балаларға перзентханада туберкулезға қарсы екпе салынбайды. Мұндай балаларға жеке кесте бойынша, егу мерзімін бірнеше айға жылжыта отырып екпе егіледі.

  • Медициналық тұрғыдан қарсылық білдіру себептері вакцина компоненттеріне аллергия, ауыр реакция немесе бұрын жасалған екпелердегі асқыну, ЖРВИ, жүйке жүйесінің аурулары, кейбір созылмалы аурулар болуы мүмкін.

Екпеге қалай дайындалу керек?

  • Әдеттегі өмір салтын жүргізе беріңіз, балаға иммунитетін арттыру және екпені жақсы көтеру үшін қандай да бір дәрі-дәрмек құралдарын берудің қажеттілігі жоқ.

  • Вакциналау қарсаңында және одан кейін жұқпа жұқтыру қаупін барынша азайту үшін адам көп жерлерде болмаңыз.

  • Екпе жасалатын күні сәбиді артық тамақтандырмаңыз, вакциналауға дейін бір сағат бұрын ештеңе жегізбеңіз (егер асқазаны бос болса, екпені жеңіл көтереді).

Көрсетілген екпе күнтізбесін қолдануға тырысыңыз. Егер сіз вакциналауды кейінге қалдырсаңыз және ұсынылған мерзімдерге үлгермей қалсаңыз, онда педиатрыңыз кестені түзетуге көмектеседі.

Ата-ананың қалауымен немесе клиникалық көрсеткіштер бойынша міндетті екпелермен бірге қосымша (мысалы, індет кезінде тұмауға қарсы немесе Африкаға барар алдында сары безгекке қарсы) екпелер де жасауға болады.

EmptyView