Торттың пайдалы баламалары Торттың пайдалы баламалары
Бір жылдан үшке дейін - huggies.kz - icon 01

Торттың пайдалы баламалары

Әрине, мереке десе, көпшілігіміздің ойымызға бірінші торт келеді. Десе де бұл дұрыс шешім емес, әсіресе, балалар үшін.

Оны жеткізу қиын

Балалар оны кесіп болғанша күтпейді

Торттар көбінесе балаларға зиянды өнімдерден дайындалады.

Осындай жағдайларда туған күн иесіне арналған тортқа балама тағам іздеу керек, ол да торт сияқты дәмді болу керек. Таңдауыңызға бірден бірнеше нұсқа ұсынамыз!

  • Кекстер

    Бұл тәтті тағам – дәстүрлі торттардың шағын нұсқалары. Олар да әдемі, жарқын, ерекше безендіріледі. Гүл бүршіктері немесе крем толқындары, жүректер немесе шоколад құйындары, мультфильм немесе фильм кейіпкерлері. Сонымен қатар, кексті ұн мен қантсыз да дайындауға болады! Мысалы, сәбіз немесе банан қосылған. Интернетте керемет рецептілер көп.

  • Макарундар

    Керемет француз пирожныйлары тек дәмді, алуан түрлі ғана емес, сонымен қатар көлемі де шағын. Макарундарды жеген ыңғайлы, олар киімді ластамайды, оған қоса бұл өте әсерлі, түрлі түсті және керемет тәтті тағам. Сондықтан сүйікті бадам печеньесі туған күнге арналған дастарқанның сәні болмақ.

  • Кейкпопстар — таяқшаға жасалған шағын пирожный.

    Кейкпопс – барлық балалардың сүйікті тәттісі. Олардың түсі кез келген болуы мүмкін, әртүрлі жануарларды, тіпті, мультфильмдерді бейнелейді. Тәтті декорын таңдау сіздің еншіңізде, ал кондитерлік дүкендерде оларды қантсыз және басқа да қауіпті заттарсыз дайындауға болады.

  • Тәтті тағамдардың орнына жемістерді пайдаланған дұрыс. Тіпті, жеміс торттары балалардың көңілінен шығады! Бұл салтанатты болып көрінеді, дәмі балаларды қуантады және олардың денсаулығына зиян тигізбейді.

Құймақ торты. Құймақты балалардың бәрі жақсы көреді. Олар тәтті, жұмсақ, бірақ тәтті кілегейлі крем қосылған классикалық бисквит тортына қарағанда, әлдеқайда диеталық. Мұндай десерт, әрине, дастарқаныңызға әдеттегідей ерекшелік пен талғампаздық бере алмайды. Бірақ оны көрнекті етуге болады.

EmptyView