Жүктілік және босану - huggies.kz - icon 01

Жүктіліктің 6-аптасы

Ананың жағдайы

Әйелдің эмоциялық жағдайы айтарлықтай тұрақсыз болып қала береді. Көңіл-күйі әлі де болса құбылып тұрады. Болашақ ананың сырт келбеті де өзгере бастайды. Омырауы ауырланып, емшек ұшы мен ареолалары қараяды. Омырауды басқан кезде ауырсыну сезімі болуы мүмкін, өйткені омырау сәбиді болашақта емізуге дайындала бастайды, сүт бездерінің тіндеріне түсетін күш артады. 
Болашақ анаға жаңа киім қажет болуы мүмкін, өйткені әйелдің белі бірте-бірте үлкейе бастайды. 
Алтыншы апта жатырдың бірте-бірте ұлғаюмен сипатталады, әйтсе де, сырт көзге ол әлі де болса қатты байқалмайды. Алайда, кейбір әйелдерде іштің төменгі жағында шамалы жиырылу мен ауырлық сезімі туындайды. Бұл қалыпты жағдай, өйткені осы бұлшықет мүшесі ішіне өсіп келе жатқан эмбрионды сыйдыру үшін көлемі жағынан ұлғая бастайды. Білікті гинеколог осы мүшенің ұлғаюын анықтай алады және жатырдың жиырылуымен қалай күресуге болатынын айтып береді. 
Әйелдерге өз сезімдерін жағымсыз белгі ретінде қабылдаудың қажеті жоқ. Болашақ жүктілікке көңіл аударып, әрбір симптомды әлдебір жаңа әрі жағымды нәрсе ретінде қабылдау қажет. Ең бастысы, уайымға салынбай, көбірек демалып, толыққанды тамақтану.

Сәбидің түрі қандай?

Құрсақтағы балаңыздың жүрегі толық қалыптасып, соға бастады. Алтыншы аптада жұлын мен ми, көз ойығы қалыптаса бастады, қолы мен аяғы белсенді қалыптасуда. 
Сырт көзге эмбрион құлақ қалқанына ұқсайды, ал айналасында аз мөлшерде қағанақ суы бар. Алтыншы апта ішкі және жыныс мүшелерінің қалыптасуымен сипатталады. Сондай-ақ, айыр без (тимус) қалана бастайды, онда кейін иммундық реакцияларға жауап беретін бағаналы жасушалар қалыптасатын болады.
Анағұрлым белсенді дамитын плацента. Бұл ерекше мүше, ол кейін балаға оттек пен қоректік заттарды қамтамасыз етуге жауапты болады. Осы мерзімде ұрықтың ұзындығы 6 миллиметрден аспайды.

Қауіпті симптомдар

Көптеген әйелдер жүктіліктің дәл осы алтыншы аптасында емханаға есепке тұрады. Алдымен, сізге жүктіліктің барысын анықтауға көмектесетін несеп пен қан талдамасын өткізуге тура келеді. 
Кейбір пациенттер УДЗ-ны бесінші аптада-ақ жасайды, дегенмен көбі осы зерттеуді есепке тұрғаннан кейін ғана жасайды. УДЗ-ның маңызды сәті ұрық санын есептеу болып табылады. Егер жүктілік көпұрықты болса, кейін әйелге осы зерттеуді жиі жасауға тура келеді, өйткені көпұрықты жүктілік қосымша көңіл бөлуді талап ететін патологиялық процесс болып саналады. 
Сырт көзге сәби бұршақ ұрығына ұқсайды, бірақ болашақ қол мен аяқтың біте бастағанын анықтауға болады. Алтыншы аптада сәби сыртқы әсерлерге өте сезімтал әрі осал, сондықтан анасы ауырып қалмас үшін күтінуі, дәрілік препараттарды қабылдамауы, күйзеліске түспеуі, шаршамауы тиіс. 
Тамақты шамалы порциямен жиі-жиі ішіп, дәрумендерді міндетті түрде қабылдауы тиіс. Егер әйелдің жүрегі айни беретін болса, дәрумен кешенін жүрегі аз айнитын уақытта қабылдау қажет. Осылайша, сәбиге барынша көп қоректік заттар барып тұрады. Қан қысымын тұрақты түрде өлшеу ұсынылады, өйткені көтерілген жағдайда, дәрігер түсік тастау қаупінің алдын алу мақсатында ауруханаға жатқызуға кеңес беруі мүмкін.

Аналарға арналған мүмкіндіктер

Балаңыздың дүниеге келуіне дейінгі 40 апта сізді таң қалдыратын барлық қызықты, физикалық өзгерістерге және үлкен күн жақындаған сайын өсетін күту сезіміне толы.

EmptyView