Жүктілік және босану - huggies.kz - icon 01

Жүктіліктің 14-аптасы

Болашақ ананың қал-жағдайы

Жүктіліктің 14-аптасының негізгі белгісі – өсіп келе жатқан ұрық пен плацентаны өзіне сыйғызу үшін ұлғаятын жатырдың белсенді өсуі. Қағанақ суының да мөлшері артады. Бұл кезеңде оның мөлшері 250 мл құрайды. Дәл осы кезеңде ұрықтың қалыптасуындағы ауытқуларға байланысты қиын ауруларға диагностика жасауға қабілетті ерекше маңызды талдамалар жасайды. 14-аптада жасалатын тесттер Даун Синдромы және басқа хромосамалық ауытқулар сияқты қиын ауруларды анықтауға қабілетті. 
Бала көтергені бірінші рет емес әйелдер 14-аптада-ақ ұрықтың алғашқы қимылдарын сезе алады. Алғаш бала көтерген болашақ аналар көп жағдайда ондай қимылдарды сезбейді, өйткені олар үшін бұл сезім таңсық. Көбі ұрықтың қозғалысын ішектің қызметімен шатастырады. 
Дәл осы 14-аптада әйел осыған дейін жаңартпаған киім-кешегін толықтай жаңартып алуы қажет. Қозғалысқа кедергі болмайтын кең созылмалы ендірмелі шалбарларды, жейдені және еркін пішімді свитерді сатып алуы қажет. 
Болашақ анаға ішін жарақаттанудан және қысым түсіруден қорғау қажет. Мысалы, әйел машина жүргізетін болса, онда оған ішті жұмсақ сүйейтін және қыспайтын, жүкті әйелдерге арналған арнайы қауіпсіздік белдігін сатып алу қажет. Егер арнайы белдікті сатып алуға мүмкіндігіңіз болмаса, онда әдеттегі белдікті іштің астынан және омырау арасынан өткізіп, ерекше әдіспен тағу қажет. 
Жұмыс берушіңізге міндетті түрде өзіңіздің аяғыңыз ауыр екенін жайлап айтып қойыңыз. Гинекологтан жүктілігіңізді растайтын анықтаманы алыңыз. Заң бойынша жұмыс беруші жүкті әйелді жұмыстан шығара алмайды, ал егер жұмыс еңбектің ауыр шарттарымен байланысты болса, онда оны жеңіл өндірістік процеске ауыстырып, еңбек шартын өзгертуге міндетті.

Құрсақтағы баланың сырт келбеті және дамуы

Әр апта сайын бала барған сайын бақашабаққа емес, толық қалыптасқан адамға көбірек ұқсап келеді. Ұрықтың беті жұмырлана бастайды, ал болашақ қас пен шаш орнына алғашқы үлпе түк пайда болады. Алайда, ұрықтың бүкіл денесіне кішкентай түктер, лануго қаптайды. Олар сәбиге жылуды сақтап, қағанақ су әсерінен қорғайтын май сөлін ұстап тұратын қорғаныш қызметін атқарады. 
 Сәби қалқып жүретін су тәулігіне он ретке дейін ұрықтың зәрімен жаңаруын жалғастырады. Осының арқасында судың құрамы тұрақты әрі зарарсыздандырылған болады. Баланың ішкі мүшелері де дамуын жалғастырады. Онда жаңа рефлекстер пайда болады, ми қыртысы дамуын жалғастырады. Ұл балада қуық безі, ал қыз балада – аналық без дами бастайды.
Ұрықтың ұйқы безінде инсулин бөліне бастайды. Жыныс мүшелерінің нақты кескіні бар, бірақ УДЗ-ның көмегімен жынысын анықтау әлі де мүмкін емес. 14-аптаның ең бастысы – ұрық жылдам өсуін жалғастырады.

Әйелдің ауырсыну сезімдері

Жүкті әйел баланы көтерген кезде туындайтын іштегі кез келген ауырсыну сезімдеріне көңіл бөлуі қажет. Көп жағдайда ауырсыну жатырды ұстап тұратын сіңірлердің созылуынан туындайды. Осындай ауырсыну іштің бүйір жағында, кейде шапта пайда болады. Қысқа мерзімдігі мен кезеңділігінің болмауы олардың ерекшелігі болып табылады. 
Егер ауырсыну толғаққа (жатырдың жиырылуы) ұқсап, кенеттен пайда болып, ұзақ басылмайтын болса, дәрігерге хабарласу қажет. Әйелде түсік тастау себебіне айналуы мүмкін жатыр гипертонусы туындаған болу керек. Осыған ұқсас ауырсыну пайда болған кезде әйел бірнеше сағатқа жата тұруы қажет, бірақ жайсыз сезімдер басылмаса, тиімді шаралар қабылдауға көмектесетін гинекологқа хабарласып, міндетті түрде жағдайдың бәрін айтуыңыз қажет. 
Егер ауырсыну қанды бөлінділермен ілесетін болса, онда жылдам әрекет ету қажет. Олардың пайда болуы түсік тастау қаупін білдіреді, жүкті әйелді көп жағдайда жүктілікті сақтау мақсатында ауруханаға жатқызады.

УДЗ жасау

Бұл зерттеуді жасау болашақ ата-анаға құрсақтағы баласымен кездесіп, қуанышқа бөлеу үшін ғана емес, диагностикалық мақсаттарда жасалады. 
Дәрігер ұрықтың өлшемін бағалайды, даму нормасын анықтайды, сондай-ақ ішкі мүшелердің қалыптасу дәрежесін және жұмысын бағалайды. Олардың көбі әжептәуір үлкен, сондықтан оларды тексеру соншалықты қиын емес. Зерттеуді жасау кезінде дәрігер ұрықтың басынан құйымшаққа дейінгі өлшемін, сондай-ақ бас айналасын және іштің көлемін өлшейді. 
Кейбір жағдайларда 14-аптада құрсақтағы баланың жынысын анықтауға болады, әйтсе де, бұл болжам анық болып табылмаса да, әбден дұрыс болуы мүмкін. Негізінен УДЗ жасау туа біткен патологиялардың және созылмалы аурулардың ықтималды дамуын анықтау немесе жоққа шығару мақсатына бағытталған.

 

Аналарға арналған мүмкіндіктер

Балаңыздың дүниеге келуіне дейінгі 40 апта сізді таң қалдыратын барлық қызықты, физикалық өзгерістерге және үлкен күн жақындаған сайын өсетін күту сезіміне толы.

EmptyView