Жүктілік және босану - huggies.kz - icon 01

Жүктіліктің 12-аптасы

Сол арада мүшелер өздерінің негізгі қызметін атқара бастайды. Сәбиде эпидермис жаңарып, ескі жасушалар орнына жаңалары қалыптаса бастайды.

Болашақ ананың қал-жағдайы

Бірінші триместрдің соңы және екінші триместрдің басы ретінде дәл осы 12-апта жүкті әйелдің ең керемет уақытының басы деп саналады. Көптеген әйелдер токсикоздан болған жайсыздық сезімімен толық қоштасады, жабырқау мен үнемі шаршау орнына жаңа күш пен энергия пайда болады. 
Әйелдің іші көтеріле бастайды, ал жатырдың түбі кіндікке жетіп қалады. Қазіргі сәтке дейін өзінің қызық жағдайын әлі де соңына дейін сезіне алмаған жүкті әйелдер енді бүкіл жауапкершілікті толық түсініп, өзінің ішкі сезімдеріне құлақ салатын болды. 
Осы кезеңде жүкті әйелдің салмағы аса қатты ұлғаймайды. Сезінетіндей салмақ қосу кем дегенде бір айдан кейін, сәби белсендірек өсіп, өзі салмақ қоса бастағанда  байқалады.

Баланың жағдайы

Бұл мерзімде құрсақтағы балаңыздың дене ұзындығы жеті сантиметрден асады, ал салмағы – бар болғаны 50 грамм. 
Бұл кезеңде ұрықтың миы дамуын жалғастырады. Ми қыртысының жетілуі жалғасып, қан тамырлар жүйесі белсенді қалыптасып, мидың басты ядроларының негіздері қалана бастайды. 
Болашақ анаға баланың қалай қимылдайтыны жайында білу қызық. Ол бұрынғыға қарағанда саналы қозғала бастайды. Егер жатырға қандай да бір тітіркендіргіштер әсер ететін болса, бала қолын тартып қалуы немесе селк етуі мүмкін. Ұрықта тыныс алудың алғашқы талпыныстарына ұқсайтын көкірек қуысының алғашқы қозғалуы басталады. 
Жүректің қалыптасуы аяқталады. Бүл мүшеде ересек адамдағыдай төрт камера дамып үлгерген. Жүрек жиырылуының жиілігі минутына 160 рет соғуға жетеді, бірақ жүрек қағысын ультрадыбыстық зерттеудің көмегімен ғана естуге болады. 
Дәл осы 12-аптада ұрықта сүйекті таңдай қалыптасады. Қызыл иекте сүт тістері бітіп, ал көмейде – дауыс желбезектері бітіп қалыптаса бастайды. Осы мерзімге дейін ұрықтың кеуде және құрсақ қуысы біртұтас болған, бірақ осы сатыда екі қуысқа бөлетін көкет түзіледі. 
Ұрықта еркектің жыныс гормондарын (мүше мен ұма) қалыптастыруға жауапты тестостерон белсенді шығарылады. Егер ұрықта осы гормон жеткіліксіз түрде шығарылатын болса, балада жалған қосжыныстылық дамуы мүмкін. 
12-аптаның соңына қарай плацента қалыңдай түседі. Енді осы мүшенің өлшемі 15 сантиметрге жетеді және ана мен ұрықтың ағзасы арасындағы қан айналымы белсендірек болады. Егер плацентада бәрі дұрыс болса, бала анасынан бүкіл қажетті қоректік заттарды алады. Сондықтан, әйел өз ағзасына ешқандай кері факторлар әсер етпейтінін мұқият қадағалауы тиіс, өйткені бұл ұрықтың жағдайына да міндетті түрде әсер етеді. Алайда, ұрықтың соншалықты белсенді дамуы және күшейтілген қан айналымы жүкті әйелдің қан қысымының төмендеуіне алып келуі мүмкін.

УДЗ жасау

Көп жағдайда, дәл осы 12-апта, ата-анасының құрсақтағы баласымен алғашқы кездесетін жауапты сәтіне айналады. Бұл мерзімде бірінші жоспарлы зерттеу тағайындалады. Ата-ана үшін бұл – баласымен кездесетін қуанышты сәт, бірақ дәрігер үшін де бұл зерттеудің маңызы еш кем емес. 
УДЗ жасаған кезде дәрігер жатырдың тонусын және осы мүшенің жағдайын бағалайды, плацентаның орналасқан орнын, жүктіліктің нақты мерзімін және босанудың болжамды күнін анықтайды.
Бірақ 12-аптада УДЗ жасаудың негізгі міндеті – ұрықтың даму динамикасын бағалау. Дәл осы мерзімде зерттеуден өту аса маңызды, өйткені осындай мерзім – туа біткен патологияның немесе хромосомалық ауытқулардың ықтималды дамуын жоққа шығарудың жалғыз мүмкіндігі.
УДЗ жасайтын маман бірінші кезекте ұрықтың өлшемін, сондай-ақ жаға кеңістіктігінің енін және мұрын сүйегін өлшейді. Осы көрсеткіштер бойынша даму патологиясының бар-жоғын анықтайды. Алайда, егер көрсеткіштер нормадан асатын болса, алаңдамаңыз. Диагнозды нақты растау үшін УДЗ жасағаннан кейін бірден дәрігерден кеңес алу қажет, ол қажет болған кезде қосымша зерттеулер мен талдамалар жасауды тағайындайды. 
Бірінші УДЗ-ның нәтижесі өте маңызды, өйткені келешекте деректер басқа көрсеткіштермен салыстырылатын болады.

Дәрігер кеңесі

Дәл осы кезеңде әйелге жүктілігін кім жүргізетінін нақты анықтап алу қажет. Бұны мемлекеттік емханада жасаған дұрыс. Алайда, егер әйел жеке дәрігер қызметін пайдаланғысы келсе, таңдап алынған клиниканың бүкіл жүктілік кезінде жасалған талдамалар мен зерттеу нәтижелерін көрсететін тиісті үлгідегі алмасу картасын беретініне көз жеткізіп алған жөн. Барлық осы деректер жүкті әйелге перзентханада қажет болады. 
Алмасу картасы – әрбір жүкті әйелдің өте маңызды құжаты. Ол бар болса әйел елдегі кез келген ауруханада тегін босануға құқылы.

Аналарға арналған мүмкіндіктер

Балаңыздың дүниеге келуіне дейінгі 40 апта сізді таң қалдыратын барлық қызықты, физикалық өзгерістерге және үлкен күн жақындаған сайын өсетін күту сезіміне толы.

EmptyView