Жүктіліктің 22-аптасы

Әйел өзін қалай сезінеді?

Болашақ ана ішінің үлкейгенін байқайды. Бұл сәбидің жақсы өсіп, дамуын жалғастырып жатқанын білдіреді. Жүктіліктің осы кезеңінде босануға дейінгі бандажды сатып алып, киюге болады. Ол ауырлап қалған ішті көтеріп қана қоймай, дене пішінінің сұлулығын сақтайды. Бандажды сатып алғанда бандаж ішті қыспайтындай өлшеп алу қажет. Сондай-ақ бандаждың түрі жайында дәрігерден кеңес алу қажет. Кейбіреулеріне көбінесе белбеу, ал басқаларына – тізкиім түріндегі бандаж жақсы келеді. 
Жүкті әйел тез шаршап қалады, сондықтан жұмыста көбірек үзіліс жасап, таза ауада жиі қыдырған дұрыс болады. Тез шаршау өсіп келе жатқан іштің ішкі мүшелерді қысуына байланысты, ал қосымша салмақ бүкіл ағзаға күш түсіреді. Аяғыңыздың қамын ойлаңыз: өкшесі жоқ сапалы аяқ-киімді таңдаңыз және көбінесе аяқты көтеріп жатуға тырысыңыз. 
Бірақ өз қамыңызды ойлағаныңыз сәбимен қарым-қатынасыңызға кедергі келтірмеуі тиіс. Болашақ ана құрсақтағы баласымен міндетті түрде сөйлесуі тиіс, өйткені ол барлығын естіп, көбін түсінеді.

Сәбидің дамуы

Жиырма екінші аптада сәби белсенді өсіп, дамуын жалғастырады, сондықтан осы кезеңнің соңына қарай салмағы 500 г, ал денесінің ұзындығы – 28 сантиметрге жетеді. 
Сәбидің жүйке жүйесі бәрінен де белсенді дамиды. Миының салмағы 100 г жетеді және онда орталық жүйке жүйесінің жұмысына жауапты барлық жасушалар бар. Мидың дамуы сәбидің рефлекстеріне де әсер етеді: олар барған сайын күрделеніп, тиянақтыланып келеді. Бұрын ол өзін ұстап көру үшін бетіне қолын апаруды ғана білетін. Енді бала алақанына басын еңкейтіп, бір қолымен екінші қолын сипап, кіндігін ұстауды үйренді. Барлық осы қозғалыстар әйелге айқын сезіледі.
Жиырма екінші апта сәби жүрегінің айтарлықтай үлкеюімен және жүрек-қан тамыр жүйесінің жетілуімен сипатталады. Бұған қоса, баланың сүйегінде кальцийдің жиналуы жалғасады, сондықтан олар күннен күнге қатайып келеді.

Осы мерзімде баланың омыртқасы толық қалыптасып болды: оның арқасын ұстап тұратын барлық дисктері мен сіңірлері бар. Сәбидің барлық мүшесі қалыптасып болғандықтан, 22-аптада ол өмір сүруге толық бейімделген болып саналады да, мерзімінен бұрын босанған жағдайда аман қала алады.
Ауырсыну сезімдері
22-аптада болашақ аналардың көбі арқасының ауырғанына шағымданады. Көп жағдайда белдің тұсында жайсыз сезімдер пайда болады. Бұл өсіп келе жатқан іштің ауырлық ортасын жылжытып жіберуіне алып келеді, омыртқа жотасына және белге анағұрлым көп күш түседі.
Существует несколько советов, которые помогут уменьшить боли в спине:
Постоянно носить специальный бандаж, который поддерживает спину и живот
Днем нужно обязательно прерывать работу на несколько часов отдыха
Начните заниматься специальной гимнастикой для беременных, которая не только укрепляет мышцы брюшины и влагалища, но и снимает боли в спине

Алайда, арқаның ауыруы қауіпті симптом да болуы мүмкін. Сондықтан, егер ауырсыну сезімдері ұзақ уақыт басылмаса немесе қатты жайсыздық тудырса, бүйрек пен қуық ауруларының дамуына жол бермеу үшін міндетті түрде дәрігердің көмегіне жүгіну қажет. 
Егер арқаның ауруы іштің астыңғы бөлігінің тартып ауыруымен қатар келсе, болашақ ананың жатыры тонуста болуы мүмкін. Бұл симптом жайында да дәрігерге айту қажет. 
22-аптада аяқ та ауыруы мүмкін, өйткені жүкті әйелдің өсіп келе жатқан салмағын көтеру аяғына да оңай емес.

УДЗ жасау

Жүктіліктің осы кезеңінде екінші жоспарлы УДЗ жасалады. Бұл ата-ана үшін сәбиін көрудің керемет мүмкіндігі ғана емес, жүктіліктің дамуын бағалауға мүмкіндік беретін құнды диагностикалық зерттеу. 
Емшараны жасау кезінде дәрігер ішкі мүшелердің даму дәрежесін қарайды, дамуда ақаулардың бар-жоғын тексереді, жатырдың, плацентаның және қанағақ суының жағдайын бағалайды.

 

Аналарға арналған мүмкіндіктер

Балаңыздың дүниеге келуіне дейінгі 40 апта сізді таң қалдыратын барлық қызықты, физикалық өзгерістерге және үлкен күн жақындаған сайын өсетін күту сезіміне толы.

EmptyView