Жүктіліктің 19-аптасы

Ананың тәні қалай өзгереді

Іш айтарлықтай үлкейіп кеткен, сондықтан жүкті әйел тұрмыстық тұрғыдан бірқатар қолайсыздықтарды сезуі мүмкін. Мысалы, бауды байлау немесе шұлық кию қиынға соғады. Әйел бес килограмға дейін салмақ қосады. Өсіп жатқан іші түнде ұйықтауға кедергі келтіруі мүмкін. Әдеттегі қалыпта ұйықтау ыңғайсыз болуы мүмкін немесе олай ұйықтауға мүлдем тыйым салынады (бұл ішпен жатып ұйықтауға қатысты). Белді ауыртып алмай, түнде жақсы ұйықтау үшін бел астына жұмсақ жастықты немесе жүкті әйелдерге арналған арнайы жастықшаларды пайдалану ұсынылады. Аяқ ісініп кетуі мүмкін, сондықтан ұзақ уақыт отырмаған және түрегеп тұрмаған дұрыс болар, арнайы кремдерді де пайдалану қажет. 
19-аптаның басында омыраудан уыз бөліне бастауы мүмкін. Бұл сәбиіңіз еметін алғашқы сүт. Уыз сарғыш түсті жартылай мөлдір сұйықтық болып табылады. Егер бөлінді өте көп бөлінетін болса, қалдықты сулықпен сүртіңіз. Омыраудағы уызды сықпаған дұрыс, өйткені бұл сұйықтықтың белсенді бөлінуіне алып келеді. 
Әйелдің ағзасында қан айналымы күшейе түседі, өйткені жүрек тағы бір қосымша мүше – плацентаны қанмен қамтамасыз етуі тиіс. Егер жүкті әйелдің жүрегі ауырмайтын болса, бұл қосымша жүктеме қиындық тудырмайды.

Сәбидің дамуы

19-аптада ұрыққа тән ерекшелік оның орталық жүйке жүйесінің белсенді дамуы болып табылады. Жүйке жасушаларының арасында алғашқы байланыстар түзіледі, ал мидың қыртысы белсенді дамуын жалғастырады.
Жүйке жүйесіндегі барлық осы күрделі өзгерістер сәбидің анағұрлым қарқынды қозғалуына алып келеді. Ол өзінің аяқ-қолымен ойнауды, бет-аузын тыржитуды, саусақтарын соруды жалғастырады. Кейде сәбилер кіндік тамырын тартып, өз бетімен аунайды. 
Бала қатты дыбыстар мен жарыққа жауап қайтарады. Қатты әрі кенеттен шыққан дыбыстарға бала аса екпінді жауап қайтарады, ал бәсең әрі жайлы музыка немесе ата-анасының дауысы оны тыныштандырады. 
Ас қорыту жүйесі жетілуін жалғастырады. Сәбидің ішегінде меконий – алғашқы нәжістің мөлшері арта береді. Бірақ ол бала дүниеге келгенше оның денесінен шықпайды. Меконий құрамына өт пен ас қорыту жолы эпителийінің өлі жасушалары, сондай-ақ бала әрдайым жұтатын қағанақ суының қалдықтары кіреді.
Баланың сырт келбеті де өзгереді. Бұл бірінші кезекте тері жағдайына қатысты. Тері шелі қалыптасуының арқасында тері біртіндеп жазылып, қызғылт түсі кете бастайды. Аса қалың шелмай қабаты мойын, көкірек қуысы мен бүйрек айналасында түзіледі. Баланың үсті ерекше ақ түсті маймен қапталған, ол жылу режимін реттеуге көмектеседі және қағанақ суының әсерлерінен қорғайды.
 Сәби саусақтарының терісінде әрбір адамның тек өзіне ғана тән жеке ерекше сурет пайда болады. Осы кезеңдегі ұрықтың салмағы шамамен 300 грамды құрайды, ал плацентаның қалыңдығы 22 мм жетеді.

Жыныстық қатынастың ерекшеліктері

Егер бұрындары секс көп қиындық тудырмаса, енді болса жыныстық қатынасқа аса сақтықпен қарау қажет. Секс балаға зиян келтірмейді, бірақ кейбір позаларды ұмытқан жөн. Егер әйел қатты шаршап тұрса немесе ер адам балаға зиян келтірем деп қорықса, сексті міндетке айналдырмау қажет. Одан да назды еркелік пен романтикамен шектелген жақсы, өйткені жүктіліктен кейін өткізіп алған нәрсенің орнын әбден толтырасыз. 
Алайда, кейбір жүкті әйелдер 19-аптада айтқысыз сексуалдық құмарлық сезеді. Бұл жатырдың қанмен көбірек қанығуына байланысты.

УДЗ жасау

19-аптада екінші жоспарлы УДЗ жасалады. Бірақ оны 20-22 апта аралығында, кешірек мерзімде де тағайындауы мүмкін. Бұл зерттеуді жасау ұрықтың дамуын және жатыр мен плацентаның жағдайын бағалау үшін қажет. Көптеген ата-ана баланың жынысын білу үшін осы УДЗ-ны асыға күтеді. Бірақ зерттеудің басты мақсаты бұл емес. 
Ең бастысы сәбидің ішкі мүшелерін тексеру, олардың қызметінің дұрыстығын бағалау, жүрек қағысын тыңдау және ұрықтың қозғалысын қадағалау маңызды. Бірінші УДЗ-дағыдай, дәрігер жатырішілік патологияның даму ықтималдығын және дамудағы хромосомалық ауытқуларды жоққа шығару үшін жағалық аймақтың өлшемін өлшеп, мұрын сүйегін қарайды.

Аналарға арналған мүмкіндіктер

Балаңыздың дүниеге келуіне дейінгі 40 апта сізді таң қалдыратын барлық қызықты, физикалық өзгерістерге және үлкен күн жақындаған сайын өсетін күту сезіміне толы.

EmptyView