Жүктілік тестін жасайтын уақыт Жүктілік тестін жасайтын уақыт
Жүктілік және босану - huggies.kz - icon 01

Жүктілік тестін жасайтын уақыт

Мұндай әрбір тест толық нұсқаулықпен жабдықталған.

Әдетте, мұндай тестті күннің кез келген уақытында қолдануға бола-ды, бірақ әйелдердің көпшілігі оны таңертең зәрдегі гормонның кон-центрациясы барынша жоғары болған кезде жасағанды жөн көреді.

Тесттер зәрді жинаудың әртүрлі тәсілдерімен ерекшеленуі мүмкін. Кейбіреулерін несеп ағынының астында ұстау керек, ал басқаларының жиынтығында зәрді жинауға және тест таяқшасын оған батыруға ар-налған пластик контейнер бар.

Нәтижесін күту уақыты әркімде әрқалай, сондықтан нұсқауларды мұқият орындаңыз.

Нәтижелердің пайда болуында да айырмашылық бар, әдетте парал-лель немесе қиылысқан 2 таяқша болады. Бір таяқша үнемі пайда бо-лады, екіншісі оң нәтиже болған жағдайда ғана пайда болады.

+ немесе – белгілері бар, «жүктісіз» немесе «жүкті емессіз» деген сөздері немесе жай ғана түрлі түстері бар тесттер сирек кездеседі. Сондықтан да нұсқаулықты мұқият оқыңыз.

Үйде жасалатын тесттер қаншалықты дәл?

Үйде жасалатын тесттердің көпшілігі 97%-ға дәл.

Жалған теріс тесттер де болады, егер өзіңіздің жүкті екеніңізді сез-сеңіз, бір-екі күн күте тұрып, тестті қайта жасаңыз. АХГ немесе ақауы бар гормондық құралдарды қабылдаған жағдайда жалған оң тесттер болуы мүмкін.

Сондықтан нәтижені тезірек білгіңіз келсе, бір-екі тест жасауды ұсы-намыз, десе де оны ауруханада АХГ деңгейін анықтау үшін қан тап-сыру арқылы да білуге болады.

EmptyView