Жүктілік және жұмыс Жүктілік және жұмыс
Жүктілік және босану - huggies.kz - icon 01

Жүктілік және жұмыс

Жүктілік үшін қолайсыз жұмыс жағдайлары болған жағдайда, алғашқы жүкті болған күніңізден бастап жұмыстан босатыла аласыз. Олардың тізімін емханаңыздан білуге болады.

Тағы бір жағдай — жағдайыңыздың асқынуы. Бұл кейбір жағдайлар-да бала біткеннен кейінгі алғашқы аптадан басталады, бірақ мұндайда әдетте, дәрігер дұрыс тамақтану мен режимге қажетті ұсыныстар бе-реді.

Бұл мәселені шешпесе де, сізді жұмыстан ішінара немесе тіпті, толық босатуға мүмкіндік беретін дәрігер парағын алуға болады.

Жұмыс беруші жүкті әйелді жұмыстан шығаруға құқылы ма? Жоқ, ешқашан! Еңбек заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік және қылмыс-тық жауапкершілік бірдей қолданылуы мүмкін. Егер құқық бұзушы-лық өрескел деп танылмаса, сот шешімімен айыппұл салынуы мүмкін.

Қылмыстық іс құқық қорғау органдарына жүгінгеннен кейін ашыла-ды. Толық емес жұмыс күніне немесе аптаға ауысуға болады, мұндай жағдайда жалақы жұмыс уақытын ескере отырып немесе өндіріске байланысты есептеледі. Сондай-ақ қолданыстағы жағдай денсаулық үшін қолайсыз болса, басшылықпен келісіп, жеңілдетілген еңбек түріне ауыса аласыз. Бұл ретте бұрынғы қызметтің орташа жалақысы, тіпті, барлық жұмыс құқықтары сақталады.

EmptyView