Жүктілік кезінде темекі шегуден бас тарту Жүктілік кезінде темекі шегуден бас тарту
Жүктілік және босану - huggies.kz - icon 01

Жүктілік кезінде темекі шегуден бас тарту

Жүктілік кезінде темекі шегу салдарынан көбіне, әйел баланы бел-гіленген мерзімге дейін көтере алмайды. Өйткені, ұрық жолдасы арқылы ананың организмімен байланыста болады. Ол үшін жолдас оттегі мен қоректік заттардың жалғыз қайнар көзі. Егер болашақ ана темекі шегетін болса, онда никотин жолдас арқылы ұрықтың қанына енеді, қантамырлардың қабырғаларын зақымдайды. Нәтижесінде бала гипоксия мен тамақтану тапшылығы күйіне түседі. Бұл темекі шегудің бір ғана кемшілігі емес, - дейді Татьяна Буркова. – Зиянды әдеттің бірден-бір салдары – қалыпты орналасқан жол-

дастың уақытынан бұрын ажырауы (ҚОЖУА). Әйелде шамадан тыс қан кету басталады, оны тек хирургиялық жолмен тоқтатуға болады. Жүктіліктің соңғы кезеңдерінде дәрігерлер баланы құтқару үшін же-дел кесарь отасына жүгінеді. Бірақ көбінесе мұндай балалар өмір бойы мүгедек болып қалады, өйткені жолдастың бөлінуі жедел гипо-ксияға, соның салдарынан әрі қарай дамудың патологиясына әкеледі.

EmptyView