Баланың дамуы Баланың дамуы
Жүктілік және босану - huggies.kz - icon 01

Баланың дамуы

38-ші аптада сіз жүктіліктің әр минутына рақаттанып жүрдіңіз, алайда сізде мынадай арам ойлар туындауы мүмкін: «Мен тым үлкенмін», «Мен тым кішкентаймын», «Мына баланы туатын күн бола ма?». Сіздің көңіл-күйіңіз сабырлықтан байбалам салуға дейін лезде және түбегейлі өзгеріп отыруы мүмкін.

Болжалды босану күніне дейін бар болғаны 2 апта қалды, баламен алғаш кездесу күні жақындап қалды. Абыржымай, ағзаңыздың баланы қауіпсіз босану қабілетіне сенім артуға тырысыңыз. Дәрігерлерден күмәнданбаңыз, барлығы ойдағыдай болатынына сенімді болыңыз. Олай болмаған күні, мамандар сізге және балаңызға не істеу керегін біледі. Есіңізде болсын: жүктіліктің жалғыз ғана кепілдігі – оның бір күні аяқталатыны.

Бұл менің ойлағаным болды ма?

Осы аптада толғақ кезіндегі ауруды немесе айтолғақ сезуіңіз мүмкін. Егер толғақ үдеп жатпаса, онда сіздің денеңіз жай ғана нағыз толғаққа қарқынды дайындалып жатқаны. Көптеген әйелдердің жатыр мойнынан шырышты тығын шығады және осыны босану процесінің басы деп санауға болады. Шырышты тығын бала туғанға дейін бірнеше апта бұрын шығуы мүмкін, сондықтан бұл орын алған болса, абыржымаңыз.

Балалар атының тізімін жасап, бұрын ойламаған есімдерді қосуға дайын болыңыз. Егер сіз өткенді аңсауға бейім болсаңыз, өз отбасыңыздың тарихын зерттеп, әулетіңізде болған атты жаңғырту жайында да ойланып көріңіз. Бірақ уақыттың өзгергенін және XIX ғасырда сәнді болған есім, қазір тым көне болып көрінуі мүмкін.

Осы аптадағы дене өзгерістері

  • Сіз өзіңіздің өте үлкен екеніңізді сезесіз де, көресіз де, бөлмеге сізден бұрын ішіңіз «кіретінін» түсінесіз.

  • Өзіңізге сыятын киім табу күннен күнге қиын. Киімді қайта тіккен кезде немесе балалары бар құрбыларыңыздан сұрап кигенде қиялыңызды іске қосыңыз. Соңғы апталар – уақытша шешімдер уақыты.

  • Жүктіліктің 38-ші аптасында ыңғайлы жату мүмкін емес десе де болады. Ішпен жатуға, арқамен жатуға болмайды, себебі осылай жатқан кезде негізгі қан тамырдың бірі (іші қуыс вена) ауыр жатырмен басылып қалады. Ең дұрыс дене қалпы – сол жақ бүйірмен, үстіңгі аяқты тізеден бүгіп, астына жастық қойып жату.

  • Сырқат адамдарға жоламаңыз. Жұқпаның алдын алу үнемі қолдан келе бермейді, сондықтан қалың жұртпен және сыртқат адамдармен байланысты барынша шектеңіз. Сіз бала туу мен өзіңіздің энергетикалық қорларыңызды сақтау үшін оңтайлы формада болуыңыз қажет.

  • Осы аптада аяқтарыңыз тұтас семіз сирақ сияқты көрінеді. Ісіктер айтарлықтай жайсыздық туғызады. Сізді, бәлкім, күнде бір аяқ киіммен жүргеніңіз жалықтырып жіберген шығар, бірақ тағы біраз шыдаңыз. Босанғаннан кейін әйелдердің көбінде күшті диурез болады және айтарлықтай сұйықтық көлемінен арылады. Қазір жаңа аяқ киім алмай тұра тұрыңыз – аяқтарыңыздың осындай дәу болғаны ұзаққа созылмайды.

  • Егер балаларыңыз бар болса, кеудеңіз одан да көп уыз өндіретін болады. Сондықтан кейде сұйықтықты сіңіруге арналған төсемдерді пайдалануға тура келеді. Кеудеңіздің үлкен өлшеміне таңқалмаңыз – ол балаңызды емізуге дайындалып жатыр.

Осы аптадағы эмоциялық өзгерістер

  • Медитация мен тыныштықта ойлану үшін уақыт табыңыз. Соңғы күндері атқарылатын шаруаның көптігі әбден шаршатуы мүмкін. Жиі демалыңыз және тек шынымен маңызды нәрселерге ғана көңіл бөліңіз. Уқалау, жүкті әйелдерге арналған йога, жүзу және жаяу серуендеу – сергіп алудың жақсы тәсілдері.

  • Сіз алдыңғы үлкен балаларыңыздың алдында олардың өмірлеріне інісін немесе әпке-қарындасын алып келіп, тыныштықтарын бұзатыныңыз үшін өзіңізді кінәлі сезінуіңіз мүмкін. Немесе осы сәбиді алдыңғы балаларыңызды жақсы көргендей жақсы көре аласыз ба, жоқ па, соны ойлауыңыз мүмкін. Болмайтын нәрселер үшін уайымдамаңыз. Нәресте отбасыңыздың ең танымал мүшесі болатынына сенімді болыңыз.

  • Егер алдыңғы балаларыңыздан көп киім қалса да, дүниеге келетін сәби үшін жаңа зат сатып алыңыз. Сәбиді бірден отбасыңыздың дара мүшесі ретінде сезінген жөн.

Баланың осы аптадағы өзгерістері

  • Баланың салмағы 3 кг-нан сәл көбірек және күн сайын салмақ қоса береді.

  • Оның бойы шамамен 53 см құрайды.

Баланың қимылы азаяды, жоғары белсенділік кезеңдері азаяды, іште қимылдауға орын жоқ қой, сондықтан бала негізінен ұйықтап, демалып жатады. Ол күрделі туу процесіне энергия жинап жатыр. Алайда, егер сәби мүлдем аз қимылдаса немесе бір нәрсенің дұрыс болмай жатқанын сезсеңіз, өз инстинктіңізге сеніп, акушерге немесе дәрігерге қаралыңыз.

EmptyView