Жүкті әйелдерге арналған бандаж: дұрыс түрі мен өлшемін таңдаймыз Жүкті әйелдерге арналған бандаж: дұрыс түрі мен өлшемін таңдаймыз
Жүктілік және босану - huggies.kz - icon 01

Жүкті әйелдерге арналған бандаж: дұрыс түрі мен өлшемін таңдаймыз

Бандаж – ішті көтеріп тұратын (бірақ қыспай) және жатырдағы баланың дұрыс орналасуын қамтамасыз ететін құрылғы. Бандаж ұрықтың мерзімінен бұрын төмен түсіп кетуінің алдын алады. Қазіргі заманғы бандаждар жүктілік кезіндегі көптеген қажетсіз құбылыстарды: шаршау, қалжырау, мазаны алатын аурулар, бүкіл дене мен аяқтағы ауырлық сезімдерін болдырмауға арналған. Жақсы құрастырылған және дұрыс таңдалған бандаж омыртқаға түсетін жүктемені азайтып, белдің ауруының алдын алуға мүмкіндік береді. Оның тағы бір маңызды артықшылығы – бандаж үдеп келе жатқан ауырлық сезімін болдырмауға, жүрісті ыңғайлы жасап, терінің созылып кетуіне жол бермеуге көмектеседі.

Босануға дейінгі бандаж

Бандаж тағуға негізгі көрсетімдер:

  • белсенді өмір салтын жүргізу (егер күніне 2–3 сағаттан артық аяққа тыным бермей жүрсеңіз);

  • белдің ауруы немесе остеохондроз, аяқтың ауруы;

  • терінің созылып кетуі;

  • көпұрықты жүктілік;

  • алғашқы жүктілікке қарағанда құрсақ қабырғасы көбірек созылатын қайталанған жүктілік;

  • мерзімінен бұрын босану қаупі.

Босануға дейінгі бандаждарды тағуға қарсы көрсетімдер жоқ. Есесіне, дәрігерлердің, акушер-гинекологтардың, бандаждарды пайдалану қажеттілігіне қатысты, әсіресе, жүктілік кезінде айқын жайсыздықты сезбейтін дені сау әйелдерге қатысты пікірлерінде қарама-қайшылық бар. Кейбір дәрігерлер, мысалы, мұны табиғилыққа қарсы деп есептейді. Бандаж тағуға қатысты қарсы көрсетімдер мәселесін «қанша дәрігер болса, сонша пікір бар» деген мәселеге жатқызуға болады. Сондықтан дәрігеріңіздің берген ақылы мен жүктілігіңіздің өту ерекшеліктерін ескермеуге болмайды.

Егер сіз жүктіліктің төртінші айында болсаңыз, бандаж туралы ойлайтын уақыттың келгені! Босануға дейінгі бандажды, дәрігеріңіздің көрсетімдері мен өз сезімдеріңізге байланысты жүктіліктің соңғы күндеріне дейін пайдаланған дұрыс. Бандаждың нұсқасына байланыссыз, оны тағып жүргенде әрбір 3 сағат сайын 30-40 минутқа үзіліс жасап тұру қажет. Әрине, бандаж ішті қыспауы үшін оны дұрыс кию қажет. Бандаждың дұрыс киілмегенін жайсыздық сезімінен-ақ білуге болады. Бандаждың әр нұсқасына суреттері бар нұсқаулық қоса берілуі тиіс. Егер бандажды әйелдер кеңесінен сатып алсаңыз, дәрігер немесе медбике оны қалай дұрыс пайдалану керектігін үйретеді. Егер босануға дейінгі бандажды дұрыс кию жөніндегі ұсынымдарды сақтасаңыз, онда ол сәбиіңізге ашқандай қауіп төндірмейді!

Қазіргі заманғы босануға дейінгі бандаждардың нұсқалары

  • Бандаж-белбеу. Ішкиімге киіледі (оны жиі жуудың қажеті жоқ), «жабысқақ» жапсырғышының көмегімен іштің астында бекітіледі. Көп үлгілерінде өлшемін қосымша реттеу үшін үш жапсырғышы болады. Тұрып тұрған немесе жатқан күйде киіледі. Жазға қолайлы, себебі ол ішті толық жаппайды, сондықтан сізді ыстықтатпайды.

  • Бандаж-труси. Алдыңғы жағында іштің жоғарғы жағына келетін созылмалы ендірмесі бар бандаж көлденең қалыпта киіледі. Ол труси ретінде қолданылатындықтан оны жиі жуу қажет болады. Бәлкім, Сізге бірнеше бандаж сатып алуға тура келетін шығар. Алайда, ыңғайлы әрі оңай киілетіндіктен көпшілікке бандаждың осы түрі ұнайды.

Босанғаннан кейінгі бандаж

Босанғаннан кейінгі бандаж іш пен мықынды тонусқа тезірек келтіруге көмектеседі. Ол белдің ауруы кезінде омыртқаға түсетін күшті азайтып, шаршағандықпен күресуге көмектеседі. Егер дәрігер гимнастикамен шұғылдануға рұқсат берсе, кейбір жаттығуларды бандажды киіп алып орындасаңыз қажетті нәтижеге тезірек қол жеткізесіз.

Сақ болыңыз! Босанғаннан кейінгі бандаждарды тағуға қарсы көрсетімдер бар: кесарь тілігі (кейбір тігіс түрлері), бүйрек ауырулары, ісіну және басқалары. Дәрігермен міндетті түрде кеңесіңіз, өзіңізді қисынсыз қауіпке ұшыратпаңыз. Егер босанғаннан кейін біраз уақытқа дене белсендігіне қатысты шектеулер қойылған болса, еш уайымдамаңыз. Бірнеше ай шыдасаңыз, барлығы жақсы болады. Одан да бар күш-жігеріңізді сәби күтіміне жұмсаңыз, көбірек демалыңыз, таза ауада серуендеңіз де, өзіңізді бақытты болып сезіңіз.

Босанғаннан кейінгі бандаждардың түрлері

  • Созылмалы матадан жасалған труси түрінде. Сондай ыңғайлы әрі жарасымды.

  • Әмбебап (құрама). Босануға дейін де, босанудан кейін де қолданылады. Созылмалы матадан жасалған белдік түрінде жасап шығарылған және «жабысқышпен» бекітіледі. Босануға дейінгі кезеңде белбеудің жалпақ жағы жүктемені реттей отырып, белді ұстап тұрады, ал жіңішке жағы ішті көтеріп, ұстап тұрады. Босанғаннан кейін белбеу «керісінше» аударылып қолданылады: Жалпақ жағы ішті, аз жіңішке жағы белді ұстап тұрады. Мұндай бандаж өзінің әмбебаптығымен ыңғайлы.

EmptyView