Әлеуметтік желілердегі баланың суреттері: қолдаймын және қарсымын Әлеуметтік желілердегі баланың суреттері: қолдаймын және қарсымын
Жаңа туған нәресте - huggies.kz - icon 01

Әлеуметтік желілердегі баланың суреттері: қолдаймын және қарсымын

Бұл жас аналар, әжелер мен қарапайым әлеуметтік желіні пайдаланушылар үшін қызу тақырыптардың бірі. Адамдардың бір бөлігі ырымшыл емес, ал екінші жартысы баланың фотосуреттерін жариялау керек пе, жоқ па, қандай фотосуреттерді жарияламау керек және қауіп неде екенін қызу талқылайды. Олай болса, «қолдаймын» және «қарсымын» деген пікірлерді қарастырып көрелік

Әлеуметтік желілерге балалардың суреттерін жариялауды қолдаймын.

  • Жақын адамдармен байланыс орнату мүмкіндігі.

    Көптеген жақын адамдарымыз әртүрлі қалаларда тұрады немесе уақыты жоқ болғандықтан үйіңізге көп келе алмайды. Әлеуметтік желілер қарым-қатынас жасауымызға, жаңалықтармен және жетістіктермен бөлісуге, пікір алмасуға мүмкіндік береді. Есте сақтау керек жалғыз бір нәрсе бар – сіздің немесе балаңыздың беделін түсіретін ештеңесі, өзіңіз сенетін фотосуреттерді ғана жүктеңіз, сонымен қатар белгілі бір адамдардан басқа адамдардың альбомыңызға кіруіне жол бермеңіз. Бұл, әрине, сізді 100% қорғамайды, бірақ бөтен пайдаланушылардан аздап қорғайды.

  • Жаңа достар таба аласыз

    Әлеуметтік желілерде немесе арнайы форумдарда сөйлесу арқылы сіз жаңа достар таба аласыз, фотосуреттермен, кеңестермен және қызықты әңгімелермен бөлісе аласыз, сондай-ақ өзіңіз сияқты аналардың пікірін білесіз.

  • Есте қалатын сәттер

    Әлеуметтік желілерде жарияланған фотосуреттері бар парақша сізді маңызды суреттерді, әңгімелер мен хронологияларды жоғалтудан қорғайды. Бұл сіз үшін керемет қор болуы мүмкін және кейінірек жадыдағы мәселелерді қалпына келтіреді.

  • Тәжірибемен бөлісу.

    Басқа аналардың тәжірибесі өте маңызды, солар сізді шабыттандыруы, тыныштандыруы немесе дүрліктіруі мүмкін.

  • Балаларыңыздың таланттарымен бөлісіңіз.

    Әрине, ешкім сізден әлеуметтік желілердегі парақшадан баланың жеке жетістіктері туралы мәліметтер жиынтығын беруді сұрап отырған жоқ, бірақ жақындарыңыз мұндай нәрселерді бірінші болып білуге қуанады!

Әлеуметтік желілердегі фотосуреттерге «қарсымын»

  • Сіздің ақпаратыңыз жарнамалық мақсаттарда пайдаланылуы мүмкін.

    Мақсатты жарнама балаңыздың, оның жасы мен қызығушылығының бар екенін ескеріп, сіз үшін арнайы теңшеледі. Сонымен, жеке ақпаратыңызбен бөлісе отырып, өзіңізге қатысты жарнаманы жиі байқайсыз.

    Сонымен қатар, жосықсыз жарнама берушілер балаңыздың суреттерін ұрлап, оларды өз мақсаттары үшін пайдалана алады.

  • Қудалау

    Ересек адамдар арандатушылыққа бой алдырмайды, ал жақында ғана интернетке кіруге рұқсат алған жасөспірімдер басқаша. Балаңыздың ізіне түсіп, шаршатамын деп шешім қабылдаған адам парақшаңыздан оның күлкілі суреттерін тауып алып, мазақ етуі мүмкін. Сондықтан түбекте отырған балаңыздың суретін салмай-ақ қойғаныңыз дұрыс.

  • Жеке басын ұрлау.

    Желіде көптеген жалған парақшалар бар, онда сол троллилер біреудің фотосуретін аватарға қояды, өздерінің жеке басын көрсетпес үшін басқа адамдардың дербес деректерін ұрлайды. Балаңыздың көшірмесінің атынан олар заңсыз әрекеттер жасай алады, біреуді қорлай алады.

    Деректерді ұрлаудың екінші нұсқасы бар: олар науқас баланы емдеуге қаражат жинау үшін парақша ашуы мүмкін. Балаңыздың фотосуретін пайдакүнемдік мақсатта пайдаланғаны аз болғандай, осындай алаяқтыққа барады, ал адамдар нақты фотосуретті көріп, сондай кейіпкердің бар екеніне сенеді.

  • Киднеппинг қаупі

    Қандай жағдай болмасын, теңшеулерде геолокация туралы белгі жасамаңыз, мекенжайы көрініп тұрса немесе ғимарат айқын көрінсе, үйіңіз бен мектебіңіздің жанында суретке түспеңіз. Бөтен адамдар балаңыздың қайда екендігінен хабардар болу қаупі бар. Ал егер олар баланың қандай үйірмелерге баратынын білсе, ұрлаушы: «Анаң сені жүзуге жазды, Мен сенің жаңа жаттықтырушыңмын» деп баланың сеніміне кіру қаупі бар.

  • Баланың болашақ мансабына зиян келтіруі мүмкін.

    Балаңыз сөйлеуді енді үйреніп келеді, бірақ болашақта ол міндетті түрде көпшілік алдындағы адамға айналады. Белгілі бір адамның фотосуреттерін табу оңай, сондықтан түбекте отырған кезекті фотосуретіңізбен бөлісер бұрын ойланыңыз. Мұндай заттарды жеке мұрағат үшін қалдырған дұрыс.

  • Құпиялылық құқығын бұзу.

    Балаңыз көпшіліктің өзі туралы егжей-тегжейлі білгенін қаламауы мүмкін. Мысалы, ұлыңыз биге баратынын ешкімге айтпайды, ал сіз оның жаттығуларынан фотосуреттер жүктеп жүрсіз.

  • Мақұлдау мен лайкқа тәуелділік.

    Үнемі таңғаларлық пікірлерді күтесіз, ал егер лайк тым аз болса, онда ұнжырғаңыз түсіп кетеді ме? Инстаграмға фотосурет жарияламас бұрын ойланыңыз, бұл сіз жайлы емес пе?

Негізгі ережелерді қорытындылайық:

  • Егер балаңыз есейсе, фотосуретін парақшаңызға салуға қарсы емес пе деп сұрап алыңыз.

  • Бала жалаңаш, жылап тұрған немесе өзіне жараспайтын қылық жасап тұрған суреттер мен бейнелерді жарияламаңыз.

  • Жарнамалық мақсатта пайдаланбау үшін фотосуретке су белгілерін қойыңыз.

  • Жақсы ажыратымдылықтағы фотосуреттерді жүктемеңіз.

  • Бөтен балалардың суретін рұқсатсыз жарияламаңыз.

EmptyView