Балалар гемангиомасы Балалар гемангиомасы
Жаңа туған нәресте - huggies.kz - icon 01

Балалар гемангиомасы

Гемангиома түрлері

Гемангиомалар құрылымы жағынан әртүрлі болады. Сыртынан қарағанда олар аздап нәрестелерде болатын қалға ұқсайды. Капиллярлы гемангиома терінің бетінде болады. Ол жалпақ болады және капилляр жіптерінен тоқылғандай жіңішке тамырлардан тұрады.

Емшектегі балалардың гемангиомасы үңгірлі болуы мүмкін. Ол үлкен тамырлардан: веналардан немесе артериялардан, көбінесе веналардан тұрады. Олар қызыл қал, бұдырлы өскіндер сияқты көрінеді, кейде терінің бетінен айтарлықтай дүмпиіп шығып немесе ішіне терең кіріп тұрады.

Бұл өскіндер құрама типті болуы мүмкін, яғни капиллярлы және үңгірлі түрі біреуінде қабаттасып тұруы мүмкін. Сондай-ақ аралас гемангиома да кездеседі. Ол бәр уақытта тамырлы, лимфалық және жүйке тіндерінен пайда болады.

Өскіндер түрін бізге терінің бетінен көрініп тұратын – үстіртін және теріге терең орналасқан – жасырын немесе ішкі (тері асты) деп ажыратады. Мұндайлар ішкі мүшелерде орналасуы мүмкін: бауырда, бүйректе, сүйек қуысында, ішектің қабырғаларында, тамақтың шырышты қабықтарында, ұрттың ішкі жағында. Гемангиомалар көбінесе терінің шекара жерлері мен шырышты қабықтарда орналасады: ерінде, тік ішек жолында (анал тесігі), жыныс мүшелерінде. Баста, мойында, арқада, желкеде, қабақта, құйрықта болады.

Гемангиомалар неліктен пайда болады

Мұның себептері нақты анықталмаған. Гемангиома – қатерсіз өскін, басқа сөзбен айтқанда – тамыр ісігі. Ал ісік, тіндердің дұрыс бөлінбеуіне байланысты болатын ауытқу.

Ананың ағзасына бірдеңе әсер еткен шығар, сондықтан сәби туа біткен гемангиомамен туады. Бұл әйел адам жүктілік кезінде қабылдаған кез келген препараттың, түрлі сәулелендірудің, тіпті артық күн сәулесінің, қысқатолқынды пештің, ұялы телефонның, компьютердің, планшеттің сәулесінің кесірінен болуы мүмкін. Босану кезіндегі жарақаттардың мұндай өскіндерге еш әсері тимейді.

Гемангиомаларды емдеу

Гемангиомалардың 60–70% өздігінен кетіп қалады. Егер емшектегі баланың ісігі қайтпаса немесе өсе бастаса, хирургтар операциямен емдеуді ұсынады. Ісіктің мұндай түрін мұзбен бұзу арқылы алып тастайды: оларды қатырады, содан тамыр кішірейеді де, гемангиома кетіп қалады.

Емдеудің тағы бір түрі – беріштендіру. Оны көбінесе үңгірлі тамырлық гемангиома кезінде пайдаланады: ішіне арнайы зат енгізіліп, тамыр кішірейтіледі де, салдарынан ол жабылады. Сондай-ақ хирургиялық емдеу және лазермен алып тастау жасалады.

Емдеудің тағы бір түрі: ісіктің ішіне қабыну процесін қоздыру үшін гормондарды енгізеді. Қабыну басыла бастағанда тыртық тіні пайда болады, ол зақымданған тамырларды механикалық түрде тартады.

Егер өскін сәбидің терісінде немесе ішкі мүшелерінде болса, онда оны консервативтік түрде емдейді. Егер уақыт өте келе гемангиомалар кішірейсе, онда дәрігерлер мұндай жағдайларда процеске араласпаспай, оны бақылап тұрады.

Гемангиомаларды қай кезде алып тастау қажет

Гемангиомаларды өздігінен кетуін күтпестен балалық шақта мынадай жағдайларда алып тастайды:

  • жиі зақымданатын жерлерде орналасса немесе жара болып кетсе (тік ішек жолында, жыныс мүшелерінің тұсында, баланың бетінде – еріндері мен мұрнында, көздің маңында);

  • көлемі ұлғайып, жылдам өссе;

  • өмірлік маңызы бар мүшелердің қызметіне кедергі келтірсе немесе зақымдаса (мысалы, бас миының немесе көздің тамырларын зақымдаса, ол соқырлыққа алып келуі мүмкін).

  • Нәрестенің ата-аналарына берілетін ұсыныстар

Қандай да жағдай болмасын нәрестелердің гемангиомасы ерекше көңіл бөлуді талап етеді. Өскінді фотоға түсіріп, өлшейді, пергаментке немесе целлофанға ай сайын көшіріп алып отырады, бұл кейін олардың қалай өсіп жатқанын салыстырып, түсіну үшін қажет.

Бұндайда баланың да өсіп жатқанын ескеру қажет. Сондықтан, егер гемангиома баланың өсуіне пропорциональды түрде ұлғайып жатса, онда бұл тіндердің өсуі. Егер ол бірнеше есе ұлғайса, бұл ісіктің өсуі.

Тіндерді қалай зақымдап алмай, жасушалардың өсімін үдетіп алмаудың амалын білу өте маңызды. Бұл неліктен болуы мүмкін? Бұл жерді уқалауға болмайды. Себебі уқалағанда қан ағымы күшейіп, өскін ұлғаюы мүмкін. Гемангиоманы механикалық және химиялық зақымданудан сақтау қажет. Осындай нәрсе орын алған жерлерден өскінді мүмкіндігінше тез алып тастаған жөн. Кез келген қатерсіз ісікті жарақаттау оның қатерлі ісікке айналуына алып келеді.

Гемангиомалармен, кез келген басқа қатерсіз немесе қатерлі ісіктер сияқты, ұзақ уақыт күн астында жүруге болмайды. Қалдар сияқты, гемангиомалар да күнге шыққанда ұлғаяды. Егер балалардың гемангиомасы денеге пропорционалды түрде өссе, мүшелеріне кедергі келтірмесе және жарақаттанбаса, оны алып тастамайды. Олар алты немесе жеті жасқа таман көбінде толығымен кетіп қалады.

EmptyView