Өз қолыңызбен ойыншықтар жасаңыз! Өз қолыңызбен ойыншықтар жасаңыз!
Бір жасқа дейін - huggies.kz - icon 01

Өз қолыңызбен ойыншықтар жасаңыз!

Анасының баласына өз қолынан шыққан сыйлық бергені неткен керемет.

Балаларға қажет көптеген ойыншықтар дүкендерде сатылмайды. Мысалы, сенсорлық қораптарды тек анасы жасай алады. Қарапайым дәнді дақылдар, қиыршық тастар немесе түймелердің қалай іске жарайтынын елестетіп көріңізші!

Сонымен қатар 1,5 жасқа дейінгі балалардың жаңа ойыншықтарға тез қызығушылығы тез басылады. Олар ойыншықтарды зерттейді, ойнайды, алынған ақпаратты бекітеді де, жаңа білім іздеуге кіріседі. Бала бір апта бойы ойнап, енді қолына да алмайтын бағасы қымбат супер дамытушы ойыншық сатып алған ата-аналардың жиі көңілі қалып жатады. Бұл ойыншық жаман болғандықтан ойналмайды, бала ол туралы қалағанының бәрін біліп алады да, кейін оған деген қызығушылығы жоғалады.

Өз қолыңызбен ойыншықтарды жылдам жасап, балаға су жаңа күйінде бере аласыз!

Шұлықтан жасалған тактильді жұлдызқұрт

Мұндай ойыншық кез келген балаға ұнайтыны сөзсіз, өйткені оны ұстағанның өзі жағымды!

Мұны істеу үшін сізге керегі: таза ұзын шұлық, қалың жіп, толтырғыштар (қарақұмық, күріш, асбұршақ, үрмебұршақ, макарон, емен түйірі және т.б.), көз болатын түймелер.

Бірінші толтырғышты шұлықтың түбіне салыңыз, пайда болған жіппен байлаңыз, екінші толтырғышты салыңыз және т.с.с. Соңында жіппен мұқият бекітіңіз. Көз ретінде түйме тігіп қойыңыз, енді ойнай беруге болады!

Шұлықтан лезде жасалатын ойыншық

Жұмысы – 5 минут, есесіне телегей-теңіз рақатқа батырады! «Көзі бар шұлықта тұрған не бар?» деп сұрауыңыз мүмкін. Мұндай шұлықты қолыңызға кигізіп алып, балаңызға: «Сәлем!» деңіз, әрі қарай не болатынын өзіңіз көресіз! Мұндай ойыншықтардың бет-әлпетін түрліше жасауға болады.

Таспалары бар сақина

Мұндай әсерлі «шашақ» жай зат емес. Баланың қолына осындай сақина беріңіз, ол таспалардың қозғалысын қуана бақылайды. Ол үшін 40 см-ге дейін әртүрлі ұзындықтағы пластикалық немесе ағаш сақина, таспа немесе шілтер керек. Әр таспаны қос түйіндеп мықтап байлау керек.

Кішкентай сылдырмақ

Бұл керемет дамытушы ойыншықтар әртүрлі жастағы балаларға ұнайды. Мұндай кішкентай сылдырмақтар неғұрлым көп болса, жақсы болады, өйткені бұл әртүрлі дыбыстардың көп екенін білдіреді. Сіріңке қораптарын, киндер немесе тик-так қораптарын қолданыңыз, оларға әртүрлі нәрселер салыңыз. Қолмен жасалған сылдырмақтан керемет дыбыстық лото шығады: балаға сылдырмақтың бірдей дыбысын таңдатқызыңыз.

EmptyView