Күйеуіңізбен қарым-қатынас жайында Күйеуіңізбен қарым-қатынас жайында
Жүктілік және босану - huggies.kz - icon 01

Күйеуіңізбен қарым-қатынас жайында

Тұңғыш бала дүниеге келген алғашқы жылда адамдардың өз некесіне қанағаттануы айтарлықтай төмендейтінін әлеуметтанушылардың көптеген зерттеулері растаған. Сандар таңғалдырады: жұптардың 90%-ы осындай өзгерістердің орын алғанын мәлімдеген.

Сонымен қатар, ерлі-зайыптылардың ата-ана болудан үміттері неғұрлым жоғары болса, бұл кезеңді соғұрлым қиындықпен бастан кешіреді екен: жақындасудың орнына бір-бірінен қашықтайды, баланы тәрбиелеуге байланысты өзара түсіністіктің орнына келіспеушіліктер туындайды. Көптеген елдерде ер адамның жүктілік кезінде және бала туылғаннан кейінгі алғашқы жылда әйелінің келісімінсіз ажырасуға құқығы жоқ екендігі кездейсоқтық емес.

Ата-анасы тіпті, 10 жыл бірге тұрса да, сәби дүниеге келгеннен кейін олар бір-бірімен қайта танысуға мәжбүр болады. Осы кезеңдерде өзгерістерге бейімделесіз немесе ажырасу жайында ойлана бастайсыз.

Егер ата-ананың біреуіне немесе екеуіне де әдеттерін өзгерту тым қиын болса, бала қақтығыстарды шапшаңдатқышқа айналады, өйткені баланың күйзеліс деңгейін арттыратыны соншалық, жұптарда «осы үшінші адамды қарым-қатынасымызға қосуға дайынбыз ба, әлде баланы бала күтуші мен апасына беріп, бұрынғы қарым-қатынасымызды жалғастырсақ па екен» деген сұрақтар туындайды. Немесе қарым-қатынасыңызды әрі қарай жалғастырудың мүмкін емес екендігін түсінесіздер.

«Бұл сұрақтарға баланың жасы бір жасқа таяп қалғанда жауап беруге болады, өйткені дәл осы кезде баланың мәңгі қасыңызда болатынын түсінесіздер». Сонымен қатар, қоғам тарапынан мынадай сұраныс бар: жас ата-аналардың бейімделуіне бір жыл беріледі, бірақ осы кезеңнен кейін олар үйреншікті өмір сүру салтын жалғастыра бастайды деп күтіледі.

Жүктілік кезінде және босанғаннан кейін ұзақ уақыт бойы әйел ауқымды гормоналды әсерге ұшырайды, оны әр әйел түрліше қабылдайды: көптеген әйелдер үшін нәресте әлемнің орталығына және сыртқы факторлардың қалқанына айналады. Дәл осы сәтте әке эмоционалды күйзелісті басынан кешіреді. Алайда ер адам әйелі, туыстары және отбасы өзін тастап кеткендей сезінуі мүмкін: қоғам еркектердің өмірінде ештеңе өзгермейді деп күтеді, бірақ бұл олай емес.

Нәтижесінде түнде ұйқы көрмейтін, қатты күйзеліс пен мазасыз жағдайға түскен, бұл әлемде қалай өмір сүру керектігін түсінгісі келетін сәбилері бар екі адамды көреміз. Ерлі-зайыптылар бір-біріне, туыстарына, достарына, қоғамға қатысты әртүрлі қысымды сезінеді.

Осындай көңіл-күйде жүргенде ерлі-зайыптыларда қиындықтар пайда болады. Осы кезеңдегі өзара түсіністіктің кілті – жұбына өзінің жаңа рөлін зерделеуге мүмкіндік пен уақыт беру. Шыдамдылық танытыңыз және шаршағаныңыз үшін жауапкершіліктің бәрін жұбыңызға артпаңыз. Отбасын сақтау үшін ата-ана мен неке арасындағы тепе-теңдікті сақтай білу керек. Көбінесе ерлі-зайыптылардың бір-біріне суып кетуі ерте кезеңдерде әкенің ана мен бала өмірінен шет қалғандай сезінуінен пайда болады екен. Сондықтан «үшінші адам артық» деген сезімнен аулақ болған маңызды. Бүгінде әкелер босануға дайындық кезінде, тіпті босануға белсенді қатысып жатады. Ата-аналар арасында иллюзиялық теңдік пайда болады, егер әйел емшек сүтімен емізетін болса, ол бірден жойылады.

Ер адамда «Мен мұнда не істеп жүрмін?» деген сұрақ туындауы мүмкін. Осы сәтте әйел балаға еш алаңдамай қамқорлық жасауы, күшті және жауапты болуы, босанғаннан кейін әйелінің қалпына келуіне көмектесу үшін кеңістік жасау сияқты ең маңызды міндеттердің күйеуіңізге жүктелгенін түсіндіру керек. Содан кейін әкесі өз рөлін сезінеді, оның маңызды екенін түсінеді, шабыттанады және өзін үшінші артық адам ретінде сезінбейді.

Әке және ана атанғандарыңызға қарамастан, бір-біріңізге дос, ерлі-зайыпты, ғашықтар және әлемдегі ең жақын адамдар екендігін естен шығармау керек. Бір-біріңізге көңіл бөліңіздер, бір-біріңізге қамқор болыңыздар. Мүмкіндігінше, баланы әжелеріне немесе күтушіге аптасына кемінде екі сағатқа қалдырып, уақытты бірге өткізуге тырысыңыздар.

EmptyView