Ұрықтан нағыз кішкентай адамның кескіндері байқалады Ұрықтан нағыз кішкентай адамның кескіндері байқалады

Ұрықтан нағыз кішкентай адамның кескіндері байқалады

Ұрық он бірінші аптада қарқынды өсуді жалғастырады. Сыртқы жағынан, ол келесідей көрінеді: басы айтарлықтай үлкен, ішке тіреген кішкентай аяқтары бар, кеудесі кішкентай және жақсы дамыған ұзын қолдары бар. Мұндай біркелкі емес даму алдыңғы кезеңдегі қоректік заттардың негізгі бөлігі мен оттегінің үлесін жүрек пен ми сияқты өмірлік маңызды органдар орналасқан дененің жоғарғы бөлігінің алуымен байланысты.

Ұрықта буындар мен сүйектердің қалыптасуы, бұлшықеттердің өсуі жалғасады. Үлкен буындар ғана емес, кішкентай буындар да дамиды. Жақ сүйектерінде тістер, саусақтарда тырнақтар түзіле бас-таған.

Құрсақтағы нәрестенің қозғалысы барған сайын мақсатты бола бас-тайды. Қатты дыбыстар мен шұғыл қозғалыстарға бала жауап бере бастайды. Ұстап алу және сору рефлекстері дамиды, мұны саусақтар мен еріндердің қозғалысынан көруге болады. Иіс және дәм сезу ре-цепторлары қалыптаса бастайды. Егер шарана сұйықтығы мұрнына немесе аузына тиіп кетсе, ұрық олардың дәмін сезе алады.

Бұл кезеңде көздің шатырша қабығы да пайда болады, ол туылғаннан кейін нәресте көзінің түсін анықтайды. Көп жағдайда жаңадан туылған нәрестелердің көздері көгілдір немесе көк болады, қоңыр түс сирек кездеседі. Көздің шатырша қабығының түсі бес айға таман қалыпта-сады. Бұл көздің шатырша қабығы аймағында орналасқан жиналған меланин пигментіне байланысты. Генетикалық тұқымқуалаушылық осы пигменттің мөлшерін анықтайды.

EmptyView