Баланың дамуы Баланың дамуы

Баланың дамуы

Таңғаларлық факт: туған кезде балалардың көбінің бойы бірдей болады, бірақ есейе келе айырмашылық әжептәуір болады.

Баласының болашақтағы бойы қандай болатынын білгісі келетін ата-аналар үшін оны анықтаудың екі тәсілі бар. Әдетте ересек адамның бойын анықтау үшін оның 2 жастағы бойын 2-ге көбейту жеткілікті. Баланың бойын болжау үшін эндокринологтар қолданатын екінші формула сәби бойына қатысты біз жасайтын болжамда пайдаланылады. Өзіңіз есептеп көріңіз!

Баланың бойын анықтайтын факторлар қандай?

Біздің бойымызға әсер ететін гендердің ұзақ тізімі бар. Әдетте, адамның бойы оның ата-анасының бойына байланысты. Қоршаған орта, құрсақтағы және өмірінің алғашқы бірнеше жылындағы қоректенуі адамның бойы қандай болатынына айтарлықтай әсер етеді.

Әр адамда сүйектердің дамуын, өсу гормондары мен метаболизмдік ферменттерді кодтайтын және қалыпты дамуында маңызды рөл атқаратын гендер жинағы болады. Олар балаңыздың ақырғы бойына шамамен 70% әсер етеді.

Қалған 30% қатысты: тамақтану денеміздің қалай қалыптасып, өсетініне әсер етеді, сондықтан алғашқы жылдары өсудің ең маңызды кезеңдерінде барлық дене мүшелері өсуге ұзақмерзімді әлеует алу үшін дұрыс нәрлі заттарды қажет етеді. Болашақ аналар өз рационының нәрлі болуын және құрсақтағы баланың тиісті дамуының қамын ойлауы тиіс. Сәбилер мен балалар үшін де теңгерімді тамақтану өте маңызды.

Дәрігер балаңыздың өсуін қадағалап отыру үшін кестені пайдаланатын болады. Ол сәбиіңіздің өзімен жасы мен жынысы бір басқа балалармен салыстырғанда қалай өсіп жатқанын көрсетеді, сондай-ақ дәрігерлер мен медбикелерге уақыт өте келе бойы мен салмағының арту сипатын қадағалауға және балаңыз пропорционалды дамып жатыр ма, жоқ па, соны қадағалауға мүмкіндік береді.

Формула туралы толығырақ

Ұлдар үшін: ата-анасының сантиметрмен көрсетілген бойларын қосыңыз. Шыққан санды 2-ге бөліңіз. Осыдан шыққан санға 6,5 см қосыңыз. Бұл ұлдар үшін ата-анасының орташа бой өлшемі болады. Осы санға плюс-минус 10 см ұлыңыздың болжамды бойының диапазоны болады.

Қыздар үшін: ата-анасының сантиметрмен көрсетілген бойларын қосыңыз. Шыққан санды 2-ге бөліңіз. Осы саннан 6,4 см алып тастаңыз. Бұл қыз бала үшін ата-анасының орташа бой өлшемі болады. Осы санға плюс-минус 10 см қызыңыздың болжамды бойының диапазоны болады.

EmptyView