Баламен бірге ұйықтау Баламен бірге ұйықтау
Жаңа туған нәресте - huggies.kz - icon 01

Баламен бірге ұйықтау

Баламен бірге ұйықтау: иә ма әлде жоқ па?

Баламен бірге ұйықтаудың танымал идеясынан көптеген сұрақтар туындайды. Аналар мен әкелер сәбидің қауіпсіздігін ойлайды және сәби мектепке дейін солардың төсегінде ұйықтап әдеттеніп кетпей ма деп, сосын өзі ұйықтай ала ма, жоқ па деп уайымдайды ма? Бірге ұйықтаудың артықшылығы көп, бірақ кемшіліктері де бар, оны жақтаушылар әдетте ол туралы айта бермейді.

Бірге ұйықтау кімге қажет?

Сәбилерге анасының жанында, оның жылуы мен жүрек қағысын сезіп жатып ұйықтау анағұрлым жайлы. Егер бала әлсіз болса, ұйықтай алмай қиналса, түнде жиі оянып, жыласа, ал сосын ұзақ уақыт тыныштала алмаса, бұл проблемаларды бірге ұйықтау арқылы шешуге болады. Сәби оянып, анасының жанында екенін түсінеді, сосын ата-анасының мазасын алмай-ақ қайта ұйықтап кетеді. Нәрестені емізу үшін түнде тұруға қиналатын аналарға бірге ұйықтаған жақсы.

Артықшылықтары

Бірге ұйықтаудың басты артықшылықтарының бірі – баланың да, ата-анасының да ұйқысының қануы. Сәби анасының жанында екенін тез түсініп қойып, толық оянбастан бірден емгісі келуі мүмкін.

Емізіп жатып, анасы да ұйықтай алады. Балаларымен бірге ұйықтайтын ата-аналардың көбі ауырып қалған баланың температурасы көтерілгенін ұйықтап жатып-ақ сезіп қоятынын айтады. Егер бала жылай бастаса, оны құшақтап, емізу арқылы жылдам тыныштандыруға болады. Көрпе проблемасы шешіледі, өйткені жалғыз ұйықтайтын балалар көрпелерін жиі ашып тастайды. Бұдан бөлек, баламен бірге ұйықтау – қамқорлық танытудың табиғи құбылысы, себебі мыңдаған жылдар бойы ата-аналар нәрестелерімен бірге ұйықтаған. Бірге ұйықтау сәбиді тыныштандырып, өз қауіпсіздігіне сенімді етеді деген пікір бар.

Кемшіліктері

Ата-анасының төсегі тым тар болуы мүмкін. Мұндайда анасы мен әкесі сәбиге зиян келтіріп алуға қорқып, ұйқылары қанбайтын болады. Бірақ бұл проблема төсекті кеңірек төсекке ауыстырумен немесе бір жақ шеті алынатын балалар төсегін жақындатып қою арқылы шешіледі.

Кейде гигиена проблемасы туындайды. Балалар құсып жіберуі мүмкін, сол кезде ата-анасының төсек жаймасын жиі жуып тұру қажет болады. Мұндай жағдайда қосымша жаялықтарды немесе бірреттік жаймаларды пайдаланыңыз, оларды сәби жататын жерге төсеп тастауға болады.

Кемшіліктердің бірі деп сәбидің үш жастан асқанша ата-анасымен бірге ұйықтауға әдеттеніп алатынын айтуға болады. Баланы өсе келе бөлек ұйықтату үшін қосымша күш жұмсауға тура келеді.

EmptyView