Педиатрға бару Педиатрға бару
Бір жылдан үшке дейін - huggies.kz - icon 01

Педиатрға бару

Педиатрға жоспарлы түрде бару бала үшін өте маңызды. Бұл созылмалы аурулардың асқынуына жол бермейді.

Бір жастан жеті жасқа дейінгі кезеңде 1 және 3 жастағы, яғни балаларды балабақшаға және мектепке барар алдында медициналық тексеруден өткізу міндетті болып табылады. Бұл ретте, ең дұрысы – балаңызды жыл сайын жоспарлы тексеруге әкелу.

Бір жастан кейін әр бала бірқатар мамандардан медициналық тексеруден өтуі керек:

  • Педиатр баланың бойын, дене салмағын, бас және кеуде шеңберін өлшеуі керек. Осы көрсеткіштер бойынша баланың физикалық дамуына баға қойылады. Пальпация және фонендоскоппен тыңдау арқылы дәрігер баланың барлық органдары мен жүйелерінің жұмысын талдайды.

  • Невролог баланың басы мен еңбегінің шеңберін өлшеп, рефлекстерді, бұлшықет тонусын, эмоционалды және қозғалысының даму динамикасын бағалауы керек.

  • Хирург-ортопед ықтимал шап және кіндік жарықтарын, гемангиомаларды тексеруі керек. Сондай-ақ ол қаңқаның дұрыс дамып жатқанын тексереді, дене мүсінін бағалайды. Балалар хирургі ықтимал патологияларды анықтау үшін ұлдардың жыныс мүшелерін тексереді.

  • Окулист бала көзінің түбі мен көз жасы арналарын тексереді, көру қабілетінің ықтимал ауытқуларын және бассүйекішілік қысымның бар-жоғын анықтайды.

  • ЛОР дәрігері тар мұрын жолдары, мұрын бөгеттерінің қисықтығы, аденоидтардың немесе таңдай бездерінің ұлғаюы сияқты патологиялардың алдын алуы керек. Сондай-ақ ол есту жағдайын бағалайды.

  • Ұлдарды уронефролог, қыздарды балалар гинекологы тексереді.

Баланы тексеретін мамандардың тізімі педиатрыңыздың ұсынысы бойынша кеңейтілуі мүмкін.

Сондай-ақ, медициналық тексеру кезінде келесі талдаулар мен тексерулерден өту керек:

  • анның жалпы талдауы

  • жалпы зәр талдауы

  • құрт жұмыртқаларының болуына нәжіс тапсыру

  • қантқа қан тапсыру

  • ІҚО УДЗ

  • ЭКГ

  • Жүрек ЭХО-сы

НСГ – көрсеткіштер бойынша.

Бір жастан кейін педиатрға 3 айда бір рет, екі жастан кейін – 6 айда бір рет баруыңыз керек.

18 айда дифтерияға, көкжөтелге, сіреспеге, полиомиелитке, ал 20 айда полиомиелитке қарсы ревакцинация үшін емханаға баруыңыз керек.

2 жаста ЖҚТ, ЖЗТ, құрт жұмыртқаларына нәжіс тапсыруыңыз керек.

EmptyView